"Жалын", "Қазақстан" баспаларында бас редактор қызметтерін атқарған. Алғашқы әңгімелері 1964
ж. "Ара" журналында жарияланған. Тұңғыш әңгімелер жинағы "Сый орамал" 1979ж. жарық
көрген.
Кейін"Ақдала"(1975.1988),
"Қасірет"
(1991)
романдары,
"Алқакөл"
(1979)
роман-дилогиясы, "Жеңіс сарбазы" (1980), "Жалаулы жасыл дүние" (1986), "Егіз қайық" (1990)
повестер мен әңгімелер жинағы жарық көрген. Орыс жазушысы В.Астафьевтің "Ұрлық",
"Жанаргүл" повестерін, М.Юхманың "Аққайың әні" атты кітабын, чех жазушысы Ян Козаюың
"Қасиетті Михаил" романын және якут ертегілерін қазақ тіліне аударған.
АХМЕТБЕКОВ Нұрхан (1903. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Жанкешу а. - 16.10.1964.
Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғайа.)-ақын. Қазақстанның халық ақыны (1963). Торғай
өңірінде алғашқы ауданаралық театр құрып, оның тұңғыш директоры болған. 1946 - 50 ж.
Торғайдағы Амангелді Иманов мұражайының директоры, 1951 -1955 ж. Торғай ауылдық кеңесінің
төрағасы қызметтерін атқарған. 1943 ж. қарашада Қостанайда өткен обл. айтыста Сәт
Есенбаевпен, сол жылдың аяғында Алматыда болған респ. айтыста Молдахмет Тырбиевпен, 1945
жылдың ақырында Майташ Смағұловамен, айтысқан. Бұл айтыстары "Қостанай ақындарының
айтысы" (1958), "Айтыс" (3 -1., 1966) жинақтарында жарияланды. А. "Мың 6ір
түн" ертегісінің
оқиғасына байланыстырып "Қамарлы заман", "Албан Жұпар ханым" (1939 - 1940), тарихи
оқиғалар
сюжетіне
құрылған
"Есім
сері"
(1929),
"Қарға"
(1938),
"Жасауыл
қырғыны"(1951)дастандарын жазды. "Күнәндам" (1934) дастанында 1932-33 жылдардағы казақ
даласын жайлаған алапат аштық көрсетілді. А-тың өзі шығарған "Күй басы", "Июнь толқыны",
"Жеңіс" сынды күйлері де бар. Ақынның ұзақ жыл-дар талмай жырлаған сүйікті кейіпкері -
Амангелді батыр. "Үрпек соғысы" (1944) өлеңі кейін "Амангелді" дастанына ұласты. "Жасауыл
қырғыны" дастаны үшін Қазақстанның мемл. сыйл-н алды (1951).
Достарыңызбен бөлісу: