Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет136/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   677
АХМЕТОВ  Сейсенбек  Мұхамәдиұлы  (26.12.1922.  Алматы  обл.  Лепсі  т.  ж.  бекеті  -  28.1.1995. 
Алматы) - жазушы, аудармашы. Қапалдағы оқу-ағарту уч-щесін (1941). ҚазҰУ-ды (1947) Мәскеу 
полиграфия ин-тын бітірген. 1947 - 50 ж. Талдықорған обл.. "Сталиншіл" (кейін "Октябрь туы") 


газетінде  жауапты  хатшы.  1950  -  51  ж.  "Лениншіл  жас"  (қазіргі  "Жас  Алаш")  газетінде  бөлім 
меңгерушісі, ұзақ жылдар бойы баспаларда редактор, аға редактор, Баспа, полиграфия және кітап 
саудасы істері жөніндегі мемл. комитетте аға редактор қызметтерін атқарған. Орыс жазушылары 
А.Волошиннің "Кузней жері", А.Макаренконың "Ұстаздық дастан", Е.Соболевтің "Теңіз жаны", 
А-Толстойдың  "Никитаның  балалық  шағы",  С.Солобенчиктің  "Ыждағатты  оқу"  кітаптарын, 
молдован  жазушысы  И.Чобанудың  "Өткелдер",  "Кукорача"  роман-дилогиясын,  т.б.  қазақ  тіліне 
аударған. "Қызыл Жұлдыз", "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған. 
АХМЕТОВ Темірболат (7.11.1947 ж.т.. Ақмола обл. Көкшетау қ.) -жазушы. Қарағанды медицина 
ин-тын  бітірген  (1971).  1971-  76ж.  ауд.  санэпидемст-ның  бас  дәрігері.  Көкшетау  обл. 
санэпидемст. бас дәрігерінің орынбасары қызметтерін атқарған. 1976 - 97 ж. Мемл. кзуіпсіздік к-ті 
органдарында қызмет істеп,  подполковник шенінде запасқа  шыққан.  1997  жылдан  мамырынан 
"Барыс" күзет агенттігін басқарады. "Шахиняның құпиясы", "Татуға арналған бриллианттар", 
"Томирис патшайымның диадемасы", т.б. кітаптары жарық көрген.   
АХМЕТОВ Шеген(1914.Оңт.Қазақстан обл. Төле би ауд. - 1983. Алматы) - ғалым, филол. ғыл. 
кандидаты (1957). Шымкент а. ш. техникумын (1934). ҚазҰПУ-ды (1940) бітірген.   
АХМЕТОВА  Күләш  (25.4.1946  ж  т..  Қырғызстан  Талас  ауд.  Киров  а.)  -ақын.  Жамбыл  мед. 
уч-щесін (1961). ҚазҰУ-ды (1973) бітірген. "Қазақстан пионері" газетінде, "Жальн" баспасында 
бөлім  меңгеушісі,  редактор  болып  қызмет  атқарған. Алғашқы  жыр  жинағы  "Ақ  гүлім  менің" 
1975 ж. жарық көрген. Кейін "Сен жанымда жүрсең" (1977), "Сен менің бақытымсың" (1977), 
"Жапырақ-жаздың  жүрегі"  (1979),  "Мейірім"  (1981),  "Бұлақтағы  жұлдыздар"  (1982), 
"Арғымақтар  даласы"  (1981),  "Наурыз  нұры"  (1991),  "Махаббат  жылы"  (1980),  "Ләйлектер 
қайтып  келгенде"  (1985)  "Жасыл  жағалау",  "Күн  шыққанда  күліп  оян"  (1996),  т.б.  жыр 
жинақтары  оқырмандардың  сүйікті  кітаптарына  айналды.  Ақынның  өлеңдері  орыс,  украин 
және  бірнеше  түркі  тілдеріне  аударылған.  А.  әлем  әдебиетінен  А.Межиров,  А.Ахматова, 
С.Нерис, Н.Ислам, Э.Межелайтис өлеңдерін қазақ тіліне аударған. "Сен менің бақытымсың" 
атты кітабы үшін ақынға Қазақстан Комсомолы сыйл. берілген (1978), "Еңбектегі ерлігі үшін" 
медалімен марапатталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет