2-ұстазы" атанған ғұлама. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отрар медресесінде,
Шам, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім
алған. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. 164 трактат жазған.
Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау
жасады (Аристотельдің "Метафизика", "Категория", "Бірінші және екінші аналитика" сияқты
басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). "Аспан астындағы дүние" ілімінде өз кезеңінің діни
түсініктерін филос. тұрғыдан қарастырған. Ә. Н. әл-Ф-дің азаматтық, саяси, адам, қоғам
жөніндегі ойлары "Фусул әл-мадани" ("Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері")
трактатында қаралады. "Қайырымды кала тұрғындарының көзқарасы", "Мемлекет
қайраткерлерінің қанатгы сөздері" және т.б саяси-әлеум. трактаттарында қайырымдылық пен
бақыт мәселесіне кеңірек тоқталады. "Азаматтық саясатта" қоғамды талдауды қаладан, ал
"Нақыл сөздерде" ең кішкене ұядан - отбасынан бастайды. "Ғылымдар тізбегі" деген еңбегінде
сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2)
логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның
тараулары. метафизика және оның тараулары; 5) азамат-ық ғылым және оның тараулары, заң
ғылымы және дін ғылымы. Ғалым бүл ғылымдардың бәрінің пәнін анықтап, қысқаша
мазмұнына тоқталады. Ә. Н. әл-Ф. өзінің " Риторика", " Поэзия өнері туралы", "Бақытқа жол
сілтеу" туралы трактаттарында эстет. мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт,
мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Ол
әмбебап музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, күй шығарған.
"Музыканың ұлы кітабы" - ғұламаның әрі музыка жайында, әрі физ.-матем. жайында жазған
тарихи үлкен туындысы. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен
айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 ж. ережеп (ражаб)
айында, Шам шаһарында (Дамас-кі) қайтыс болғанда, оны сол елдің әміршісі Сайф ад-Даула
өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратына қойылған.
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1) орта ғасырлардағы араб,
парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән Надим, әл-Бейһаки, ибн Сайид
әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус, т.б.); 2) жаңа дәуірдегі Бат. Еуропа мен
Америка ғалымдары арқылы (Леонардо де Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г.Зутер,
Ф.Диетереци, К.Брокель, Дж. Сартон, М.Штейншнейдер, Д.С. Марголиус, т.б.); 3) 20 ғ„ әсіресе
Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В.В. Бартольд, Е.Э. Бер-тельс, Б.Гафуров,
С.Н. Григорьян, В.П. Зубов, А.Сагадеев, Ю.Завадовский, түріктер А.Сайылы, Х.Үлкен, т.б.);
4) Қазақстан мен Орта Азия оқымыстыларының зерттеулері арқылы (Ә.Марғұлан,
А.Машанов, О.Жәутіков, А.Қасымжанов, А.Көбесов, М.Бурабаев, Ә. Дербісәлиев,
Қ.Жарықбаев, М.Хайруллаев, т.б.). Ә. Н. әл-Ф. мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі
20 ғ-дың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Ә. Н. әл-Ф-дің 1100 жылдығына орай
шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 ж. Алматыда халықаралық конференция
өткізілді. Қазіргі кезде Философия және саясаттану ин-тында фарабитану бөлімі жұмыс
істейді. ҚазҰУ-да фарабитану орталығы құрылған. Бүларда Ә. Н. әл-Ф. мұрасын аудару,
зерттеу, насихаттау жұмыстары жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: