Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет179/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   677
ӘДЕБЙЕТ ТЕОРИЯСЫ - әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен 
методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарын зерттейтін 
саласы.  Ә.  т.  осы  бағыттағы  заңдылықтар  мен  қағидаларды  жүйелеп,  поэтикалық,  прозалық 
және  драмалық  көркем  шығармалардың  табиғатын  тануға  қызмет  етеді.  Ә.  т.  ұғымдар  мен 
терминдердің,  ғылыми  қағидалар  мен  ережелердің құрғақ  жиынтығы  емес,  ол  сол  арқылы 
көркем  әдебиетті  барлық  қырынан  жан-жақты  ашып  көрсетудің  құралы  болып  табылады. 
Қазақ ғалымдарынан Ә. т. жөнінде ең алғаш құнды пікірлер айтқан Ш.Уәлиханов болды. Ол 
қазақ халық поэзиясының жанрлық түрлерін (жыр, жоқтау өлеңі, қайым өлең, қара өлең, өлең. 
т.б.)  жүйелеп  берді.  А.Байтұрсыновтың  "Әдебиет  танытқышы"  (1926.  1989.  1991)  осы 
саладағы іргелі ғыл. еңбек. "Әдебиет танытқыш" - қазақ ұлттық әдебиеттануының негізі. Ә. т. 
мен әдебиетгану методологиясы. ұғым-терминдер мен эстетик. категориялар, жанрлар жүйесі 


түзілген  аса  маңызды  еңбек.  Түрлі  идеологиялық  тосқауылдарға  қарамастан  20  ғ-дың 
30-жылдары қазақ ғалымдарының бұл салада жаңа туындылары жарық көрді. Қ.Жұмалиевтің 
"Әдебиет  теориясы"  (1938.1964.1969),  негізінен,  орта  мектептер  мен  жоғары  оқу  орнына 
арналды.  Сондай-ақ  Е.Ысмайыловтың"  Әд  ебиет  теориясының  мәселелері"  (1940)  атты  орта 
мектепке  арналған  оқулығы  жазылды.  1970  ж.  З.Қабдоловтың  "Әдебиет  теориясының 
негіздері" жарық көрді. Бұл еңбек толықтырылып, "Сөз өнері" деген атпен 2 рет (1976. 1982) 
қайта басылды. Ол еліміздегі жоғары оқу орындарында 30 жылға жуық Ә. т-ның бірден-бір 
оқулығы ретінде қызмет етіп келеді. 3-Ахметовтің "Қазақ өлеңінің құрылысы" (1970), "Өлең 
сөздің теориясы" (1973) еңбектері - осы салада соны пайымдауларымен ерекшеленген құнды 
ғыл.  зерттеулер.  Сонымен  қатар  қазақ  прозасын  М.Қаратаев,  Т.Нұртазин,  А.Нұрқатов, 
Р.Бердібаев, С.Қирабаев, Н.Ғабдуллин, Ф,Оразаев, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов, А.Ісмақова, т., қазақ 
поэзиясын  М.Баарбаев,  Т.Әбдірахманова,  М.Дүйсенов,  Ә.Нарымбетов,  С.Негимов,  қазақ 
драматургиясын  С.Б.Ордалиев,  Р.Нұрғалиев,  Р.Рүстембекова,  т.б.  теориялық  тұрғыдан 
жан-жақты зерттеді. Ә.т. бойынша Әдебиет және өнер ин-ты ғалымдарының "Жанр сипаты" 
(1971),  "Сталь  сыры"  (1974),  "Дәстүр  және  жаңашылдық"  (1980),  "Қазақ  поэзиясындағы 
дәстүр  ұласуы"  (1981),  "Көркемдік  кілті  -  шеберлік"  (1985)  атты  ұжымдық  еңбектері 
жарияланды.  Қабдоловтың  "Жанр  сипаты"  (1965),  Ахметовтің  "Қазақ  өлеңінің  құрылысы" 
(1964.  орыс  тілінде),  Нұрғалиевтің  "Трагедия  табиғаты"  (1968),  "Талант  тағдыры"  (1969), 
"Қазақ  драматургиясының  поэтикасы"  (1973),  "Айдын"  (1985),  "Күретамыр"  (1973),  "Қазақ   
драматургиясы"  (1974),  "Өнер  алды  қызыл  тіл"  (1974),  М.Хасеновтің    "Ұнамды  образ  және 
типтендіру"  (1966),  М.Атымовтың  "Идея  және  композиция"  (1970),  "Қазақ  романының 
поэтикасы"  (1975),  Негимовтің  "Өлең  өрімі"  (1980),  Майтановтың  "Қазақ  романы  және 
психологиялық  талдау"  (1966),  т.б.  монограф.  еңбектері  жарық  көрді.  Ә.  т-ның  басты  ғыл. 
ұғымдары  мен  терминдері  жүйеленіп  берілген  "Әдебиеттану  терминдерінің  сөздігі"  екі  рет 
(1997. 1998) кітап болып шықты.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет