ӘДЕБИЕТ ЭНЦИКЛОПЕДИЯЛАРЫ - әдебиеттану ғылымының терминдері мен ұғымдарын,
әдебиет тарихындағы елеулі құбылыстар мен оқиғаларды, ақын-жазушылар, әдебиетганушы
ғалымдар, сыншы-зерттеушілердің әліпбилік-пәндік ретпен жүйелеп беретін ғыл.-анықтамалық
басылымдар. Ә. э-нда әдеби мұражайлар, ірі тұлғалардың мұражайлары, портретгері, әдебиетке
қатысты иллюстрациялар, библиогр. мәліметтер де беріледі. Ә. э-ның әмбебап,
ғұмырнамалық, б и бл и о г р а ф и я л ы қ , а н ы қ т а м а л ы қ, т.б. түрлері бар. Жарық көрген
Ә. э-ның ішіндегі іргелілері: "Әлем халықтарының мифтері" (1 - 2 т.. М.. 1980 - 1982). "Әлем
әдебиеті мен өнерінің үлкен сөздігі" (Сеул, Корея, 1962), "Әлем әдебиетінің энциклопедиясы"
(Токио. Жапония, 1973). т.б. Ә. э. Қазақстанда 20 ғ-дың 60-жылдарынан бастап жарық көре
бастады. Негізінен, олар анықтама түрінде болады: "Қазақстан жазушылары. 1917 - 1967" (А..
1969). "Қазақстан жазушылары: Анықтама" (А„ 1982). "Советтік Қазақстан жазушылары" (А..
1987), "Қазақстан жазушылары" (А.. 2004). т.б. 1995 ж.тұңғыш ғұмырнамалық "Абай"
энциклопедиясы. "Қазақ әдебиеті" жарық көрген.