Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет182/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   677
ӘДЕБИЕТТІҢ ТЕГІ МЕН ТҮРІ, әдебиет. яғни сөз өнері эпос, лирика, драма дейтін негізгі үш 
салаға  жіктеледі.  Бүлар  әдеби  жанрлар  мен  түрлердің  тегі  деп  те  аталады  және  олардың 
әрқайсысы мазмұны және суреттеу, баяндау тәсіліне қарай өз тарапынан жүйе құрып, жанрлық 
түрлерге  бөлінеді.  Эпос  -әдебиеттің  негізгі  үш  тегінің  бірі,  әдебиеттің  баяндау  жанрларының 
басын құрайды. Эпостық шығармада оқиға өз бетінше автордың еркінен тыс жүріп жатқандай әсер 
береді. Мұнда оқиғаны суреттеу тәсілінің бір ерекшелігі - сюжет желісінің тежелетіндігі. Эпостық 
жанрдағы  шығармаларда  негізгі  әңгімеге  қатыссыз  "бөгде"  бір  нәрселер  бейнеленетін  секілді. 
Шын мәнінде бұл - эпостың өзінің жанрлық мақсатына жету үшін қолданатын тәсілдерінің бірі. 
Эпос тұтастықты көксейді, шындық дүниені қалайда кең көлемде көрсетуді қалайды. Нәтижеде 
қомақты, кең тынысты шығарма туады. Эпостық шығармалар тарихы сонау қадым замандардан 
басталады.  Аңыз,  ертегі,  дастан,  жырлар  -  біздің  баға  жетпес  ұлттық  мұрамыз.  Болмысты 
бейнелеу,  адам  мен  қоғам  өмірін  суреттеу  эпос  жанрында  негізгі  үш  арнамен  атқарылады.  Ол 
жанрлар шағын көлемді (анекдот, мысал, әңгіме, новелла, әпсана-хикаят), орташа көлемді (поэма, 
повесть)  және  ірі  көлемді  (эпопея,  роман)  болып  бөлінеді;  лирика  -  адамның  көңіл-күйін 
шертеді.  Лирикада  "ақын  адамның  ішкі  ғаламы  мен  тысқы  ғаламы  туйіседі"  (Байтұрсынов). 
Адамның сырттан алған әсері көңіл көрігінде балқып, нәзік сәулелі сезімге айналады. Жалт еткен 
сезім жарқ етіп ақын жүрегін дөп сөзбен жарып шықса, міне, бұл - лирика. Лирика - алдымен 
сезімнің  гүлі,  гүлдің  хош  иісі,  көз  жауын  алған  көркі.  Мұнда  субъектілік  басым.  Эпоста  автор 
оқиға көлеңкесінде қалса, лирикада алға шығады, өзі өлең мазмұнына айналады. Және өз қалпын, 
"бетін  өзгертпейді"  (Аристотель).  Өлеңнің  лирик,  кейіпкері  көбіне  автордың  өзіне  тартады 
Лирикадағы сұрапыл тебіреніс, толғаныстар,    қызу қанды қарбалас әсерлер соқыр сезім емес, ой 
көзді сезім, Абай: "Өмірде ойға түсіп кем-кетігің. Тулағыш мінезің бар, жүрек, сенің" десе, бұл - 
лирик,  ақын  бейнесі.  Ой  мен  сезім  лирикада  ғашықтардай  табысады,  сол  махаббат  ләззатынан 
көркем сөз  атты перзент туады. "Қуатты ойдан бас құрап, Еркелетіп шығар сөз" деп Абай тегін 
айтпаған.  Өлең  -  қолдан  жасалмайтынын,  ой,  қайрат,  жүрек  тұнығынан  қайнап  шығатынын 
ескерткен.  Лирик,  жанр  түрлері  дәстүрлі  қазақ  ауыз  әдебиетінде  терме,  толғау  нысанында 
қалыптасты.  Әлемдік  әдебиетте  ертеден  өріс  алған  лириканың  элегия  (мұңды  өлең),  ода  (мадақ 
өлең), эпиграмма (әжуа өлең), эпитафия (жоқтау), сонет. т.б. жанрлары қазақ поэзиясында 19 
ғ-дан бастап берік орын тепті. Саяси-әлеум.  лирика түрлері  де дамыды.  Тақырыбы мәңгілік 
саналатын махаббат лирикасы, табиғат лирикасы түрлерінен қазақ поэзиясы әлемдік поэзияның 
қай-қайсысымен  де  иық  теңестіретін  шығармалар  тудырды;  Әдебиеттің  үшінші  тегі  -драма. 
Мұнда оқиға көз алдыңда өтіп жатады. Кейіпкерлер бастарынан шиыршық атқан шым-шытырық 
оқиға  кешеді.  Бәрі  әрекет  үстінде.  Жәй  әрекет  емес,  тайталасқан  күрес,  айтыс-тартыс,  қырқыс. 
Айлаға  қарсы  айла.  әрекетке  қарсы  әрекет.  Оны  істейтін  кейіпкерлердің  характері.  Бәрі  соған 
байланысты: жақсылық та, жамандық та. Характер, мінезділік - адамның өзегі, алтын арқауы. Атом 
бөлшектенгенде  орасан  зор  энергия  пайда  болатыны  мәлім.  Характер  ядро  іспетті.  Драманың 
ойдағыдай шығуы сол ядроның қуатын қалай "босата" алғанына, яғни кейіпкердің мінезін қалай 
аша  білгендігіне  байланысты.  Драмалық  шығармалар  трагедия,  драма.  комедия  жанрларына 
бөлінеді. Оның мелодрама, водевиль секілді шағын түрлері де бар. Әдебиеттектері мен түрлерінің 
жіктелуінде белгілі шарттылық бар. Эпос, лирика. драма іштей бір-бірімен байланысты. Үшеуі де 
даму арасында  біріне-бірі  әсер  етіп,  бірін-бірі  демеп, ашып, толықтырып отырады. Мыс.,    жаңа 
эпос-роман  жанры  психологизм,  драматизм  құралдарын  барынша  пайдаланады.  Демек,  ол 
лирика, драма жанрларынан өзіне керекті нәр алып отырады деген сөз. Роман жанры бірден 
бүгінгі кемеліне келе қойған жоқ. Оның  ілкі өркендері ертеректе, фольклор қойнауларында 
шым-шымдап өсіп жетілді. Соңғы жылдары фольклортану ғылымы дастан эпосының қайсыбір 
белгілерінен  новелла,  роман  жанрларының  нышандарын  тауып,  зерттеп  жүргені  тегін  емес. 
Ертегілік  дастандармен  қатар,  новеллалық,  романдық  дастандар  термині  ғыл.  айналымға 
енгізілді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет