"Әділ-зайыт" - дастан. Негізгі желісін "Тотынама" мен "Мың бір түннен" алатын
қисса-дастандар қатарына жатады. Бұл тақырыпта қазақ әдебиетінде "Әділ-Зайытган" басқа
Тұрмағамбеттің "Рауабану", Майлықожаның "Тотьшама", М.Жанайдарұлының "Мың бір
түннің хикаясы", Қозыбағар ақынның "Ғаяр қаттынның оқиғасы", т.б. дастандар жазылған.
Олардағы оқиғалар желісі "Мың бір түндегі", "Уәзір Данданның әңгімесі", "Мәләкүл-Мауыт"
әңгімесіндегі - "Төрт жүз сексен тоғызыншы түн", "Жеті уәзір, бір кәнизак", т.б. бөлімдерден
алынған. "Әділ-Зайыт" дастанының шет ел қазақтары арасында да кең жайылған нұсқалары
бар. Оның бірі Пекинде басылып шыққан (1986) он екі томдық "Қазақ қиссалары" кітабында
жарияланған. Дастанда күйеуі қажылыққа кеткен әйелдің көлденең кездескен жігітпен
көңілдес болып, оның көңілін табамын деп жүріп баласынан айырылып, абыройы төгілгені
баяндалады. Негізгі кейіпкері - Зайыт әділдік пен адамгершілік үлгісін көрсетеді. Мал-мүлкі
болмағандықтан, қайыр тілеп күн көріп жүргенде бір кісі (ол ғайыптан пайда болып
көмектесетін әулие бейнесі) кездесіп: "Саған арамнан беретін он ділдәм бар, біраз күн азық
болады, ал адалдан беретін бір ділдәм бар, нәпсіге разы болып, осыны аласың ба?" - дейді.
Зайыт азға қанағат етіп, бір ділдә алып, оған құс сатып алады. Құстың бір қасиеті: намазшам
болғанда қанатын сілкіп қалса, бір гауһар түседі (мифтік бейне). Содан Зайыт байып, қажылық
сапарға аттанғанынан оқиға шиеленісіп, әйелінің мекерлігі баяндалады. Зайыт қажылықган
қайтып келгенде, баладан да, құстан да айырылған мекер әйел бәрінің қазасы жетіп, өлгенін
хабарлайды. Зайыттың ұлы Баратты күңі құтқарып әкеткен еді, ол батыр болып өсіп, көп жылдан
соң, әкесімен көріседі. Азғын шешесін өлімге бұйырады. Сол кезде Зайыт ақыл айтып: "Кең
болсаң, кешірімді, кем болмайсың. Жақсының кім жетеді бағасына", -деп ұлын тоқтатады.
Дастан некелі жарға адалдықты, рухани тазалықты үлгі ететін шығыстық нәзира үлгісінде
жазылған.
ӘЖЕК Мырзаұлы (1885, Алматы обл. Райымбек ауд. Қарабұлақ а. -1934. ҚХР) - ақын. Жетісу
өлкесінде айтыс ақыны ретінде кеңінен танылған. 1932 ж. Қытайға қоныс аударған. Ә.
айтысының үзіндісі "Айтыс" (1942; 1-т. 1965). жинағында жарияланды. Әжек пен Шәріпжамал
айтысының толық нұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы.
ӘЖУА - кекескін, мысқылдың жеңілдеу түрі. Ә. ашық та. астарлап та білдіріле береді. Мыс.,
Күдеріқожа: "О дүние бұ дүниеден жақсы дейді" дегенде. Ұлбике: "Бү дүниеден о дүние
жақсы болса, адамға айтпай қожалар кетер еді" дейді. Бұл - ашық әжуа. Ә. бүгінгі қазақ
ақын-жазушыларының шығармаларында да іліп-шалудың тәсілі ретінде жиі қолданылады.