Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет255/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   677
БАЗАР ЖЫРАУ Оңдасұлы. Балқы Базар (1842. қазіргі Қызылорда обл. Қармақшы ауд. - 1911, 
Өзбекстан,  Тамды  ауд.  Жалпақтау  а.)  -  жырау,  төкпе  ақын.  Руы  шөмекей  ішіндегі  Балқы, 
сондықган ел арасында Балқы Базар атанып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, 
есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленеді. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына 
алады.  Тәспен  бидің  ауылына  сол  кездегі  Сыр  бойы,  Арқа  өңіріне  белгілі  жыраулар  жиі  келіп, 
апталап-айлап жатады екен. Бұл    Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден-бір себеп болады. Б. 
ж.  15  -16  жасында  "бала  жырау"  атанады.  1858  ж.  Тәспен  би  Қызылқұмдағы  игі  жақсыларды 
шақырып,  ұлан-асыр  той  жасап,  Базардың  астына  жүйрік  ат  мінгізіп,  үстіне  шапан  жауып, 
жыраулық жолына сәт сапар тілейді. Базар осы кезден  бастап Ор төңірегін, Ырғыз, Сыр бойы, 
Қызылқұмды, Үргеніш, Хиуа жағын жырау ретінде аралайды. Осы төңіректе кеңінен жайылған 
Ноғайлы  дәуірінің  қиссаларымен  танысып,  оларды  жаттап,  халық  арасында  жырлайды.  Хорезм 


төңірегінде  болған  кездерінде  Орта  Азия  жұртшылығы  арасында  кеңінен  мәлім  дастандарды 
("Көрұғлы", "Жүсіп - Ахмет". т.б.) қазақ тілінде, өзінше жырлап. Сыр бойына таратады. Сонымен 
қатар шығыс аңыздарының ізімен "Әминә қыз". "Айна - тарақ" шағын дастанда-рын шығарады. 
1907  ж.  Б.  ж.  Қазан  қ-нан  тасқа  басылып  шыққан  "Айман  -  Шолпан"  жырын  жаңартып,  "Қыз 
Жібек" жырынада көп өзгеріс енгізіп, жырлайды. "Әр кемелге - бір зауал", "Тіршіліктің түрлері", 
"Керқұлан",  "Кермиық",  т.б.  іргелі  толғаулары  бар.  Сонымен  қатар  Лұқпан  хакім,  Қорқыт 
бабалардың да өнегелі сөздерін қажет жерінде жырға қосып отырған. Сыр бойында тараған ортақ 
әуенді өз даусына лайықтап, өлеңінің ырғағына орай өңдеп, өзгертіп қолданған. Жырау қартайған 
шағында  құрдасы  әрі  туысы  Нұрымбеттің  Төремұрат  деген  оқыған  баласына  ауызша  айтып 
отырып,  көп  толғау-жырларын,  дастандарын  хатқа  түсірткен.  Жыраудың  өз  айтуымен  хатқа 
түскен 15 мың  жолға жуық өлең-жырлары, 5 дастаны сақталған. Б. ж-дың өлеңдері 20 ғ-да ғана 
баспа бетін көре бастады. "Терме" (Ташкент, 1925), "Қазақтың әдебиет нұсқалары"(1931), "Қасиетті 
Қармақшым"  (2003),  "Ғасырлар  толқыны"  (2004)  жинақтарына  енген.  Оның  шығармаларына 
С.Сейфуллин, М.Жұмабаев. т.б. жоғары баға беріп, Бұхар жырау мен Махамбеттен кейінгі толғау 
алыбы  деп  таныған.  Жырау  шығармаларын  жинауға  ӘДиваев,  С.Сейфуллин,  Ә.Марғұлан. 
Ә.Қайнарбаев, т.б. үлкен еңбек сіңірді. Б. ж-дың ұрпақтары Өзбекстандағы Тамды ауд-ның "Жаңа 
шаруа" а-нда тұрады. 
БАЗЫЛХАН  Бұхатұлы (9.5.1932  ж.т.,  Моңғолия,  Баян  Өлгий,  Аққол  а.)  -  ғалым, филол.  ғыл. 
докт. (1993). проф. (1995). Моңғолия мемл. ун-тін бітірген (1960). 1960 ж. Моңғолия ҒА-ның. 1993 
жылдан Қазақстан ҒА-ның ғыл. қызметкері. Б. Моңғолиядағы қазақтардың тарихына, тіліне, ауыз 
әдебиетіне,  әдет-ғұрпына  қатысты  деректер  жинап,  Баян  Өлгийде  Моңғол  ҒА-ның  қазақ 
бөлімшесін ашуға ат салысты.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет