БАЙБАҚОВ Оразбай (10.5.1942жт., ҚХР, Құлжа қ.) - ақын. Оңт. Қазақстан экспедициясы
басқармасында. Алматы обл. Шелек ауд. газетінде тілші. респ. қуыршақ театрында. Балқаш ауд.
газетінде тілші. "Электробытприбор" з-тында әр түрлі қызметтер атқарған.
БАЙБАТЫРОВ Мұқаш (1899, бұрынғы Талдықорған обл. Ақсу ауд. -1980. Алматы) - ақын, әнші,
халық мұраларын жинақтаушы, 1930 жылдары Тұтынушылар одағында жұмыс істеген. Алматы
опера және балет театрының әншісі (1936 - 61). Б. 2-дүниежүз. соғысы жылдарында
әнші-ақындардың үгіт бригадасы құрамында жүрген. Өлеңдері "Ақындар жыры" (1963), "Пернедегі
термелер" (1965), "Қазақтың қазіргі халық поэзиясы" (1973), "Халық поэзиясы және бүгінгі өмір"
(1976) жинақтарында жарияланған. Б-тың орындауында елуге жуық халық әндері нотаға түсірілді.
"Алпамыс" жыры және өз әндері "Толғау", "Кененге арнау" күйтабаққа жазылған. 1943, 1961, 1969
жылдары респ. айтыстарға қатысқан. Айтыстары "Қазақтың қазіргі халық поэзиясы" (1973),
"Халық поэзиясы және бүгінгі өмір" (1976) кітаптарына енген.