"Қобыланды батыр" жыры басқа ақын-жыршылар айтқан нұсқаларынан көлемдісі, оқиғасы
жағынан мазмұндысы. Б-нің ертеректе жырлаған дастан, жыр нұсқалары кезінде жазылып
алынбаған. " Ақкенже", "Нарқыз", "Кектің дауысы", "Қазақбаймен айтыс", "Қазақстан", Гүлденген
заман", "Өңімдегі жұмбақ", "Ғажайып көрмеде", "Москва", "Ер Талалихин", "Капитан Гастелло", "Азат
Киев", т.б. көптеген эпостық жырларын, сатиралық өлеңдері бар. 1938 ж. Ж.Жабаевтың
мерейтойына қатысып, "Ақын шабыты", "Жамбылға", "Көрімдік", "Ғасырдың қарт бұлбұлы" т.б.
жырлар шығарды. Қазақстан жазушыларының 2-ші съезіне (1939) қатысты. Ақынның кейіннен
"Өрістеген өмір" (1938), "Ақын" (1939). т.б. дастандары жарияланды. "Ер туралы жыр" (1942),
"Жиырма бес" (1942) поэмалары Кеңес Одағының батырлары Н.Есболатов пен Т.Токтаровтың
ерлігіне арналған. Ол батырлық туралы жырларында ауыз әдебиетінің үлгілерін шебер
пайдаланған. Б-нің "Ақын шабыты", "Ақынға", "Отарба", "Зор майданға шапшаң бар", т.б. өлеңдері
дәстүрлі терме мәнерінде жазылған. Ақын Қазақстанның біраз жерлерін аралап, Алматы, Мәскеу
қ-ларында болып, ертеден келе жатқан жыраулық дәстүрді халқына қайта тарту етті. 1938 ж.
бастап Б-ге әдеби хатшы белгіленіп, ақын шығармаларын М.Хакімжанова. Қ.Шаңғытбаев,
Е.Ахметов, т.б. ақындар дер кезінде қағазға түсіріп отырды. Ақтөбе обл-нда Байғанин ауд. бар.
Ақтөбе және басқа қалалардағы мектептер мен көшелерге ақын есімі берілген. Б. "Құрметбелгісі"
орденімен марапатталған.
Достарыңызбен бөлісу: