термелері, Жанат қызбен, Кенжеқожамен айтыстары сақталған. Шығармалары "Қыл қобызды
Бармақ" деген атпен жеке кітап болып жарық көрген (1993).
БАРМАҚ, буын уәзіні - әр жолындағы буын сандарының біркелкі келу заңдылығына
негізделген түркі тілдес халықгар поэзиясының өлең өлшемі. Бұл жүйедегі өлең құрылысы тек
түркі тілдес халықтар поэзиясында ғана емес, сондай-ақ, француз поэзиясында, кейбір славян тілдес
халықтар поэзиясында ертеден қолданылып келе жатқандықтан оны әдебиет теориясында
силлабикалық (грек. силлабо - буын) өлең деп атау қалыптасқан. Түркі тілдес халық поэзиясында
ертедегі ауыз әдебиетінен бастап бүгінге дейін осы өлең жүйесі қолданылады. 11 ғ-да жазылған
Махмұт Қашқаридің "Диуани лүғат ат-түрк" кітабындағы өлендер де Б. өлшемімен жазылған.
Кейбір халықтардың (өзбек, әзербайжан, т.б.) жазба поэзиясында араб-парсы үлгілеріне еліктеу
негізінде
аруз өлшемі қолданылып келді. Арузда буынның саны емес, сапалық өзгешелігі, яғни,
ұзынды қысқалы буындардың белгілі ретпен кезектесіп келуі алдымен ескеріледі.
Достарыңызбен бөлісу: