БАРЖАҚСИН Ахмет( 1894.бұрынғы Ақмола обл, Атбасар уезі, Жезді болысы - 1935. Ресей,
Омбы қ.)-қоғам қайраткері, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, аудармашы. Атбасар қ-ндағы 2
сыныпты орыс-қазақ мектебін, Омбы мұғалімдер семинариясын (1918), Омбы а. ш. ин-тын (1922),
Мәскеудегі Әдебиет ин-тын (1926) бітірген. "Бірлік" мәдени-ағарту ұйымын құруға ат салысқан.
1920 ж. Ақмола уездік ревкомы қазақ бөлімінің, 1921 ж. Ақмола губ. атқару к-тінің. губ. а. ш.
кооперациясы одағының басқарма мүшесі, 1923 - 24 ж. Қазақ тұтынушылар одағының төрағасы,
1925 ж. Қазақ ОАК жанындағы Ұлт бюросының нұсқаушысы, Орт. тұтынушылар қоғамы
одағының (Центросоюз) Берлиндегі өкілі, ж. Ақгөбе обл. а. ш. банкінің меңгерушісі
қызметтерін атқарған.
1928ж. жалған саяси жаламен Бат.Сібірге жер аударылған. 1933 ж. жазасын өтеп келіп,
Омбы а. ш.ин-тында оқытушы болды. 1934 ж. тағы да жалған саяси айып тағылып, екінші рет
Бат. Сібірге 5 жылға жер аударылған. 1935 ж. ОГПУ үштігінің үкімімен атылды. Әлеум.
төңкерістер заманында өмір сүрген Б. өзінің қысқа ғұмырында артына мол әдеби, ғыл. мұра
қалдырды. Ол 1913 - 14 ж. қазақ халқының 1710 мақал-мәтелін жинап, 1915 ж. тұңғыш рет "Мың
бір мақал" кітабын қазақ, орыс тілдерінде шығарды.
Оқу-ағарту мәселесі, әйел теңдігі туралы мақалалары мен әңгімелері "Қазақ", "Алаш",
"Сарыарқа", "Үш жүз" газеттерінде, "Айқап" журналында басылған. Орыс жазушысыЛ.Н.
Толстойдың әңгімелерін аударып, "Айқап" журналында, "Ертерек білсең жасырма" атты
мақаласы Орыс геогр. қоғамының "Жазбаларында" (1916ж. 28-т.) жарияланды. 1927 ж. "Елге
шаруа кооперативі мен тұтыну кооперативінің қайсысы қолайлы?", "Тұтыну дүкенінің ісін қалай
жүргізу керек?" деген кітапшалары жарық көрді. Б. мұралары әлі толық зерттелмеген.
1929
1930БАРЖАҚСЫ Жансүгірұлы (т.ж.б., бұрынғы Жезқазған обл. Байқоңыр бойындағы
"Қараүңгір" деген жерде - 1931, Түркістан қ.) - ақын. Өлеңдерінің көпшілігі сақталмаған.
Тек Ахмет ишан Оразбайұлы қайтыс болғанда шығарған ұзақ жоқтауы ("Дариға, өтіп кетті Ахмет
ишан") ел аузында толық сақталған.
1931