Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет307/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   677
БЕКБЕРГЕНОВ Мақаш (1928, Қызылорда қ. - 1995. Ташкент) - ғалым, филол. ғыл. докт. (1982). 
Қызылорда мұғалімдер ин-тын (1940). ҚазҰПУ-ды (1942), бітірген. 1944 -47 ж. Қызылорда пед. 
ин-тында  оқытушы,  1947  -  49  ж.  Шымкент  мұғалімдер  ин-тында.  1949  -  53  ж.  Ташкент  театр 
ин-тында  оқытушы  болып  жұмыс  істеген.  1953  жылдан  Ташкент  ин-тында  оқытушы  болған. 
Қазіргі  қазақ  әдебиеті  мәселелерін,  Ғ.Мүсірепов,  С.Мұқанов.  З.Шашкин  және  т.б.  жазушылар 
шығармаларын зерттеген.   
 
БЕКБОСЫНОВ Арғынбай (17.6. 1937 ж.т., Жамбыл обл. Байзақ ауд. Қарасу а.) -ақын. Қазақстан 
Республикасының еңб. сің. мәдениет қызметкері (1991). ҚазҰУ-ды бітірген (1959). 1959 - 80 ж. 
Жамбыл  обл.  радиосының  тілшісі,  Қазақ  радиосының  Оңт.  Қазақстан  және  Қызылорда 
облыстарындағы меншікті тілшісі, ауд. "Шұғыла" - "Радуга" газетінің редакторы, 1980 -85 ж. обл. 
партия к-тінің нұсқаушысы, 1985- 95 ж. Жамбыл обл. "Еңбек туы" (казіргі "Ақ жол") газетінің 
редакторы болған. 1994 - 95 ж. Қазақстан Жоғ. Кеңесінің, 1995 - 99 ж. ҚР Парламенті Мәжілісінің 
депутаты болды. 1999 жылдан  ҚР Парламенті Сенатының Бұқаралық ақпарат құралдары мен 
жұртшылықпен  байланыс  бөлімінің  меңгерушісі.  "Ауылым  -  әнім  менің"  (1975), 
"Жетіқарақшысы  жоқ  аспан"  (1991),  "Кемеңгермен  кеңесу"  (1994),  "Хауа  ананың  аманаты" 
(1995),  "Қылкөпір"  (1999),  "Мың  түрлі  ой"  (2001),  т.б.  кітаптары  жарық  көрген.  Омар  һаям 
рубаяттарын  қазақ  тіліне  аударған.  Бүкілодақтықа  ш.  көрмесінің  ашылу  құрметіне  арналған 
этнографиялық  концертке  (Мәскеу.  1939),  қазақ  әдебиеті  мен  өнерінің  онкүндігіне  (Мәскеу. 
1949),  респ.  ақындар  айтыстарына  (Алматы  1939.  1944)  қатысқан.  2-дүниежүз.  соғысы 
жылдарында  арнаулы  концерттік  бригадалар  ұйымдастырған.  "Сараң  байға",  "Мырзалық 
емес",  "Жесір  дауы",  "Бір  қойшыға",  "Сүйінші",  "Сыр",  "Ақ  алтынды  аймағым", 
"Колхозшыларға", "Мүздыбалақтарға", т.б. өлеңдері. "Толқын", "Нартай сазы", "Ахау, жалған", 
"Нартайдың  әні" әндері  ұлттық  ән  өнерінің  алтын қорына  қосылды.  Шығармалары  "Домбыра 
сазы"  (1950),  "Өлеңдері  мен  айтыстары"  (1950.  1956),  "Өсиет"  (1982),  "Аманат"  (1990)  деген 
атпен жеке кітап болып шықты. "Кұрмет белгісі" орденімен (1945), медальдармен, Қазақстан Жоғ. 
Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қызылорда обл. қазақ драма театрына Б. есімі 
берілген (1970). Осы облыстағы Шиелі ауд-нда Бекежанов ауылы бар.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   303   304   305   306   307   308   309   310   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет