''БЕГІС БАТЫР" "Ер Б е г і с " - "Қырымның қырық батыры" топтамасына енетін жыр. Көлемі
-848 жол. 1942 ж. Алматыда Мұрын жыраудан М.Хакімжанова жазып алып, бастырып шығарған.
Жырда Сүйінші батырдың зарыққанда көрген баласы Бегіс батырдың елін қалмақтардан қорғау
жолындағы ерлік істері баяндалады. Жыр нұсқасы толық, құрылысы 7-8 буынды. "Батырлар
жырының" 3-томында (1964), "Қазақ халық әдебиеті" көптомдығының 11-томында (1989)
жарияланған.
БЕЙБІТ (т.ө.ж.6., бұрынғы Қостанай уезі, Дамбар болысы, Қарабалық а. - сонда) - ақын. X.
Досмұхамедұлының "Қазақ халық әдебиеті" атты зерттеуінде (1928) оның есімі XIX ғ-дағы
белгілі қазақ ақындары қатарында аталады. "Түкейге", "Хамзаға", "Шұбардан көшуші едік..."
өлеңдері, Өске Торқаұлымен айтысы сақталған. Б. мұрасының бір бөлігі Орт. ғыл. кітапхана
қорында сақтаулы (тапсырушылар: Ә.Қайнарбаев, Т.Ізтілеуов).