БЕКЕТОВА Баян (1961ж.т.. Оңт. Қазақстан обл. Бәйдібек а) - ақын. Қазақ телерадио к-тінде,
"Егемен Қазақстан", "Халық кеңесі" газеттерінде тілші болып қызмет атқарған. Қазір Алматы
қалалық тіл басқармасында бөлім бастығы. Алғашқы өлеңдері "Аудитория", "Қарлығаш" жыр
жинақтарына енген. "Үмітім менің" (1982), "Жалғыздық" (1984), "Сәмбітап"(2001),
"Көлбастау"(2001) жыр жинақтары жарық көрген.
БЕКМЕТОВ Мұхаммед-Мақсұт Хамидоллаұлы (1883. бұрынғы Семей обл. Қарқаралы уезі -
9.2.1912. Орынбор қ.) - қоғам қайраткері, публицист. Қарқаралы мен Омбыда білім алған. 1900 - 06
ж. Омбы почта-телеграф кеңсесінде қызметін атқарған. Елін азаттыққа шақырған іс-әрекеті үшін
1906 ж. тұтқындалып, Қазан қ-на жер аударылады. Осы кезден өмірінің соңына дейін бақылауда
болады. 1909 ж. Санкт-Петербургте шығатын "Речь" газетінде Семей түрмесінде азап шеккен
А.Байтұрсыновқа бостандық берілуін талап еткен мақаласы басылады. Сол жылы Қазан қ-нда
"Қазақ өлеңдері" атты жинағы жарық көрген.