ұйқы ұйықтатқан ханым-ай", "Әй, Абылай, сен он бір жасыңда", "Қазақтың ханы Абылай",
"Басыңа біткен күніңіз", "Ай, Абылай, Абылай", т.б.). Ал үлкен мәні бар әлеум. мәселелер
төңірегінде келелі кеңеске көнбеген тұста ол ханды аяусыз сынап, ащы шындықты бетке айтып
отырған. Б. ж-дың болжау толғауларынан ("Ханға жауап айтпасам", "Он екі айда жаз келер", "Ал,
айтамын, айтамын", "Ал, тілімді алмасаң") заман, дәуір, болашақ туралы қорытынды ой-пікірлерін
айқын аңғарамыз. "Садыр, қайда барасың?", "Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға",
"Абылай ханның қасында", "Ханға жауап айтпасам", "Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек", "Әлемді түгел
көрсе де", т.б. жырлары белгілі. Әсіресе, Б. ж. толғауларында Ресей империясының
отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді ("Қилы заман"). Б. ж.
поэзиясы туралы ұлы жазушы
М.Әуезов: "Жырау...заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ,
түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не
айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі
құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді... Не
айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жайы туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде
айтылады", - дейді. Б. ж. мұрасын жинауда, жариялауда және зерттеуде М.Ж.
Көпеев, К.Халид.
Г.Н. Потанин,
Ш.Уәлиханов, Әуезов,
С.Сейфуллин, С. Мұқанов, Қ.
Жұмалиев, К..Мұхамедханов,
М.Мағауин, Р.Сыздықова секілді ұлт зиялылары еңбек сіңірді.
Достарыңызбен бөлісу: