Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет362/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   677
ВАСИЛЬЕВ Александр Васильевич (23.2.1861, Татарстан, Қазан губ, Чебоксар уезі Шутнерев с. 
-  23.10.1943.  Қазан  қ.)  -  қазақ  ауыз  әдебиетін  зерттеуші,  миссионер.  Алғашында  Чебоксар  діни 
уч-ще-сінде,  кейін  Қазанның  діни  академиясында  (1882  -  86)  оқыған.  Орынбор  діни 
семинариясында дәріс берген. 1889 - 94 ж. Торғай обл. халық мектептерінің инспекторы, 1894 - 96 
ж. Торғай обл. басқармасының кеңесшісі, 1896-1906 ж. "Торғай" газетінің редакторы, 1906 - 09 
ж. Торғай және Орал облыстарында оқу инспекторы, 1909 - 11 ж.Симбирск. 1911 - 17 ж. Қазан 
губернияларындағы халық уч-щелерінің директоры қызметтерін атқарды. 1923 ж. Қазанға қоныс 
аударғанға дейін Чебоксар уезінде оқу-ағартушылық жұмыспен айналысқан. В. қазақ халқының 
ауыз әдебиеті, тілі жөнінде көптеген зерттеулер жүргізген. В. жинаған бірнеше қазақ ауыз әдебиеті 
үлгілері "Торғай" газетінде жарық көрген. В. Торғайдағы ағарту ісінің тарихымен, өмірінің соңғы 
жылдары  нумизматикамен  шұғылданды.  Қазақ  мектептерінде  пайдаланылатын  орыс  тілі 
оқулықтарын жазды. Онда қазақ балаларын орыстандыру мақсаты айқын көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет