Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет359/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   677
"БІРЛІК ТУЫ" - газет. 1917 ж. 24 маусымнан 1918 ж. сәуір айының ортасына дейін Ташкент 
қ-нда аптасына 1 рет шығып тұрған. Негізін қалаушы әрі алғашқы редакторы - Мұстафа Шоқай. 
Газетті шығаруға Қ.Болғанбаев пен С.Қожановтар қатысқан. Газет 1917 ж. Ақпан төңкерісінен 
кейін қалыптасқан қоғамдық-саяси жағдай, сондай-ақ, ел ішіндегі әлеум.-экон. ахуал туралы 
хабарларды жариялап, елді бірлікке шақырып, азаттық жолындағы күрестің жаршысы болды. 
Газет  қазақтардан  басқа қырғыз, өзбек,  татар,  т.б.  түркі  халықтарының  арасына  кең  тарады. 
1917ж. тамызда өткен Түркістан өлкесі қазақ-қырғыз съезі баспасөз туралы мәселе бойынша 
"жаңадан  шыға  бастаған  "Бірлік  туы  "  барша  қазақ-қырғызға  ортақ  болсын"  деген  қаулы 
қабылдаған.  "Б.  т."  Түркістан  автономиясы  мен  Алашорда  үкіметіне  қолдау  көрсетіп,  бұл 
жөнінде  "Түркістан  автономиясы",  "Бостандық  һәм  автономия",  "Қоқан  шаһарында  болған 
жалпы  мұсылман  съезінің  қаулылары",  "Сырдария  қазақ-қырғыз  съезі"  деген  мақалалар 
жариялады. "Б. т." кеңестік биліктің Түркістан өлкесінде орнығуына наразылық танытып, оның 
таптық  негізді  басшылыққа  алған  саясатын  сынайтын  "Кім  дос,  кім  қас?",  "Өзіміздің 
большевиксінгендерге",  "Қазақ  халқының  дұшпандары",  "Тұла  бойы  қан  сасиды",  "Қоқан 
қырғыны", т.б. мақалалар жариялаған. Газет Кеңес өкіметі тарапынан жабылған.   
 
БІРІМЖАНОВ Ғазымбек (1896. бұрынғы Ақтөбе обл. Торғай уезі, Тосын болысы - 19.3.1938. 
Мәскеу)-қоғам  қайраткері,  қаламгер.  Орынбор  реалды  уч-щесін.  Орта  Азия  мемл.  ун-тінің 
дәрігерлік  ф-тін  бітірген.  Алашорда  атынан  Колчак  үкіметімен  келіссөз  жүргізуге  қатысып, 
Алашорданың  Башқұрт  үкіметі  жанындағы  уәкілі  қызметін  атқарған.  1921  -  22  ж.  "Ақ  жол" 
газетінде редактор болған. Мақалаларын "Шеген" (би болған бабасының есімі) деген бүркеншік 
атпен жазған. 1922 ж. күзде Т.Рысқұловтың қолдауымен Б. біртоп Түркістан жастарымен бірге 
Германияға оқуға барады. 1928 ж.  Берлин  ун-тінің а, ш. ф-тін бітірген. Сол жылы Мәскеуге 
оралғанда  Алашорда  қайраткерлерімен  бірге  тұтқындалып,  Карелиядағы  Медвежегорск  қ-на 
10  жылға  жер  аударылады.  Тұтқында  жүрген  оларды  Кеңес  өкіметі  Ақ  теңіз  -  Балтық 
каналының құрылысына жұмысқа салады. Б. 1937 ж. қайтадан саяси қуғын-сүргінге үшырап, 
ату жазасына кесіледі. 1988 ж. 4 қарашада ақталды. 
БГГІБАЕВА  Қанипа Омарғалиқызы (1945. Шығ. Қазақстан обл. Тарбағатай ауд. Жетіарал 
а.) - ұстаз. Қазақстанның еңб. сің. мұғалімі (1993). Семей пед ин-тын бітірген (1968). 1968 - 80 
ж.  Шығ.  Қазақстан  обл.  Жетіарал  мектебінде  мұғалім,  оқу  ісінің  меңгерушісі  болып  жұмыс 
істеген. 1980 жылдан Өскемен қ-ндағы Жамбыл гимназия-интернатында мұғалім. Жоғары ову 
орындарының студенттеріне арналған "Әдебиетті оқыту әдістемесі" кітабы жарық көрген. 1991 
жылдан  Өскемен  қ-нда  Б-ның  респ.  атаулы  мектебі  жұмыс  істейді.  Іс-тәжірибесі  туралы 
бірнеше оқу фильмдері түсірілген. КСРО Мемл. сыйл. лауреаты (1990).   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   355   356   357   358   359   360   361   362   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет