ВАНЮШИНВасилий Федорович (1916, Ресей, Тверь обл, Весьегон ауд. Вауч а. - 1976, Алматы)
- жазушы. аудармашы. Қазақстан Компартиясы ОК жанындағы Жоғары партиялық мектебін
бітірген (1938). 1938-41 ж. ауд. "Колхозный призыв"газетінің редакциясында жұмыс істеген. Осы
газетте алғашқы өлең. очерк. фельетондарын жариялаған. 1941 - 47 ж. Кеңес әскері қатарында
қызмет атқарған. 1947 - 51 ж. Қызылорда обл. "Ленинский путь" газетінің редакторы болған. 1951
ж. Алматыға ауысқан. "Под знаменем гвардейским" (1942) кітабының авторы. В. Н.Ғабдуллиннің
"Жаңа таныстар", т.б. әңгімелерін, З.Шашкиннің, С.Дөнентаевтың шығармаларын орыс тіліне
аударған. Жазушы 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.