Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет405/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   677
ДЖИЛКИБАЕВ  Эдуард  (11.6.  1938  ж.т.,  Мәскеу  қ.)  -  жазушы.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1961). 
Мектепте,  көркемсурет  уч-щесінде  мұғалім,  Халық  театрында  режиссер,  Суретшілер  одағында 
аға  референт,  Қазақ  телерадио  к-тінде  бас  редактордың  орынбасары,  "Нива"  журналында 
редактор  қызметтерін  атқарған.  Қазір  "  Казахстанская  правда"  газетінде  бөлім  меңгерушісі. 
Алғашқы мақалалары 1956 ж. жарық көрген. "Мартовский снег" (1980), "Долгая работа" (1990), 
"Любовь  хулигана.  Сергей  Есенин  и  Августа  Миклашевская"  (2000),  "Собственность  автора" 
(2000)  кітаптары  жарық  көрген.  Жазушы  Ж.Тілековтің  "Сквозь  огонь  войны",  Н.Ақышевтің 
"Необыкновенное лето" кітаптарын, Т.Мамасейітовтің әңгіме, повестерін аударған.   
 
ДИАЛОГ (грек. dialogos - сөйлесу, әңгімелесу), сұхбат - ауызекі әңгімелесу пішіні, екі не одан да 
көп адамдардың пікір алысуы; ғылыми және көркем әдеби шығармаларда қолданылатын тәсіл. 
Д-та  драм,  әрекет,  интонация,  ырғақ  мол  болады.  Д.  -  көркем  шығарманың,  драматургиялық 
шығарманың адам мінезін, көркем идеяны ашуда сырлы бейне жасауда шешуші қызмет атқаратын 
ең  негізгі  құралы.  Яғни.  Д-та  әр  кейіпкердің  сөз  саптауынан,  оның  ой-толғанысынан,  сөйлеу 
өзгешелігінен  жан-дүниесі  айқын  елес  береді.  Жазушының  шеберлігі  де  оның  әр  кейіпкерді 
мінез-бітіміне,  ой-өрісіне  орай  сөйлетуінен  көрінеді.  Сондықтан  мағыналы  Д.,  кейіпкерлердің 
сөйлестіре білу шеберлігі - әдеби шығармада халықтың тіл байлығын мол пайдаланып, орнымен 
қолданудың ұтымды тәсілдерінің бірі. 
 
ДИВАЕВ Әбубәкір Ахметжанұлы (3.12.1856, Ресей, Орынбор - 5.2. 1932. Өзбекстан, Ташкент қ) - 
фольклорист,  этнограф.    Ұлты  -  башқұрт.  Орынбор  кадет  корпусының  Азия  бөлімін  бітірген 
(1876).  Түркістан  әскери  губернаторы  қарамағында  тілмаш  болып,  кейін  Ташкент  қ-нда 
Әскери-халықтық  басқармада  қызмет  еткен.  Д.  өзбек,  тәжік,  парсы  тілдерін  меңгерген.  Кадет 
корпусында жүріп қазақ тілін үйренеді. 1883 жылдан бастап Сыр бойын, Әмудария  мен  Хиуа 
өлкесін, Оңт. Қазақстанды аралап, қазақ халқының тұрмыс-салты, әдет-ғұрпына қатысты құнды 
материалдар,  ертегілерін,  мақал-мәтелдері  мен  жұмбақтарын,  поэзия  үлгілерін  жинаумен 
шұғылданған. 1895 ж. Д-тың қатысуымен Қожа Ахмет Иасауи мешітінен табылған көне жазулар 
Түркістан өлкесі тарихын зерттеуге қосылған елеулі үлес болды. 1896 ж. 22 қаңтарда Археология 
әуесқойларының  Түркістан  үйірмесіне  мүше  болып  қабылданды.  Ташкенттегі  Қазақ  ағарту 
ин-тында  және  орта  Азия  ун-тінің  Шығыс  ф-тінде  сабақ  бере  жүріп,  ғыл.-зерт.  жұмыстарын 
жалғастырды.  1920  жылдан  Түркістан  Халық  ағарту  комиссариатының  Қырғыз  (қазақ)  ғыл. 
комиссиясының  мүшесі  ретінде  Сырдария,  Жетісу  облыстарына  жасалған  экспедицияларды 
басқарды.  Д.  ғылыммен  шүғылданған  елу  жылдық  (1883-1922)  өмірінде  қазақ  халқы  рухани 
мәдениетінің  барша  саласын:  бесік  жырын,  беташарын,  құдалық  салтын,  күлкі-сықақтарын, 
дастандарын,  мақал-мәтел,  толғауларын,  бақсы  сарынын.  т.б.  қамтитын  100-ден  аса  еңбек 
жариялады. Ол әсіресе қазақтың эпик. жырларын ("Алпамыс батыр", "Ер Тарғын", "Қобыланды 
батыр", "Ер Сайын", "Едіге", "Бекет батыр", "Шора батыр", "Қамбар батыр", "Айман - Шолпан", т.б.), 
ертегілерін  ("Алаша  хан  мен  Алдар  көсе",  "Ажы",  т.б.),  "Қазақ  балаларьшың  ерте    замандағы 
ойындарын", "Шешендік сөздерін" жинап, баспа бетіне түсірді, олардың кейбіреулерін орыс тіліне 
аударған.  Халық  аузынан  Асан  қайғы,  Алаша  хан,  Әмір  Темір,  Қараш  батыр,  т.б.  туралы 
деректер  жазып  алып,  жариялаған.  Д.  жинаған  нұсқалардың  тағы  бірі  -  ежелгі  күнтізбе, 
астрономия  туралы  халық  ұғымдары.  Сырдария  қазақтарының  өмірінен  көлемді  этногр. 
материалдар  жинаған.  Д-тың  ғылымға  сіңірген  еңбегін  орыстың  атақгы  ғалымдары  П.М. 
Мелиоранский, В.А. Гордлевский, В.В. Бартольд, т.б. аса жоғары бағалаған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   401   402   403   404   405   406   407   408   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет