Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет429/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   677
ДУЛАТОВ Міржақып (21.11.1885. Қостанай обл. Жанкелдин ауд. Қызбел а, - 5.10.1935. Ресей, 
Карелия, Беломор-Балтық каналы, Сосновец бекеті) - Алаш қозғалысының қайраткері, қазақ 
ақыны,  жазушы,  драматург,  публицист,  ағартушы,  педагог,  20  ғ-дың  бас  кезіндегі  қазақ 
мәдениет мен әдебиетінің ірі өкілі, 20-ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің 
ірі өкілі. Жастайынан жетім қалып, Асқар ағасының қамқорлығында өседі.  Алғашында ауыл 
молдасынан  хат  танып,  1897  ж.  Ы.Алтынсарин  ықпалымен  Торғай  қ-сындағы  екі  сыныптық 
орыс-қазақ  мектебіне  түседі  де,  бес  жыл  оқып,  ауыл  мұғалімі  деген  куәлік  алып  шығады 
(1902).  Алты-жеті  жыл  бойы  ел  ішінде,  ауыл  мектептерінде  бала  оқытады.  1904  ж.  Омбы 
қ-сына  аттанып,  А.Байтұрсынов,  Ә.Бөкейханов  танысады.  Омбы,  Қарқаралы,  Орал,  Санкт  - 
Петербург  қ-ларында,  ондағы  ұлттық-демократиялық  қозғалысқа  белсене  араласады.  Д.  сол 
жердегі  зиялы  топтың  өкілі  ретінде  қазақ  конституциялық-демократиялық  партиясының 
Оралдағы съезіне қатысады да, делегат қатарында 1906 ж. Санкт-Петербургке барады. 1905 - 
07  ж.  Зайсан  уезіндегі  Бекмұхамбет  қажы  ашқан  қазақ  мектебінде  сабақ  берген.  1907  ж. 
Санкт-Петербургте жалғыз ғана нөмірі шыққан "Серке" газетінде Д-тың "Жастарға" деген өлеңі 
басылады. Оның тұңғыш өлеңдер  жинағы  1909  ж.  Қазан  қ-ндағы  "  Шарқ"  баспасынан  "Оян, 
қазақ" деген атпен басылып шығады. Казақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті 
болады. Бүл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғын-сүргін ала келеді, ол тергеу 
органдарының бақылауына алынады, артынша "Оян, қазақ!"  тәркіленеді. Д. Қызылжарда сот 
кеңесінде  тілмаштық  қызмет  атқарып,  мұғалімдік  қызметін  де  жалғастырады,  қазақ 
балаларына орыс тілінен сабақ береді. Сол кезде біраз уақыт М.Жұмабаев одан дәріс алады. 
1910  ж.  Қазандағы  Каримовтар  баспасынан  Қазақ  әдебиеті  тарихындағы  тұңғыш  роман  деп 
аталатын, "Бақытсыз Жамал"  романы жарық көреді. Бұл кезде Д.  өз шығармашылығын өлең 
мен  проза  жанрында  қатар  дамытады.  Әр  жерде  шығатын  қазақ  басылымдарына,  әсіресе, 
"Айқап" журналына үзбей мақала жазып тұрады. 1912 ж. Орынборға келіп, осындағы азғана 
топ қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен, 
баспасөз  қызметін  қолға  алуды  ұйғарады.  А.Байтұрсыновпен  бірге  қыр  өлкесінің 
ағартушылық-демократияшылдық бағыттағы тұңғыш биресми басылымы - "Қазақ" газетінің 
негізін қалайды (1913-1918). "Оян, қазақ!" кітабынан соңғы кезде жазылған өлеңдерін 
1913ж.  осы    Орынборда  "Азамат"  деген  атпен  жинақ  етіп  шығарып,  ж.  "Бақытсыз 
Жамалды" Қазанда қайтадан бастырып, 1915 ж. 
"Терме" атты жинақпен "Оян қазақтағы"          өлеңдерін          Орынборда тағы бір жаңғыртып 
шығарады  да,  өзінің      ақын-жазушылық      қалпын  нығайтады.  Д.  осы  жылдары 
журналистік,        публицистік        дарынын  да  мейлінше  аша  түседі.  Алаш  басшыларымен 
бірге Д. жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін 
көркейту мақсатына арнайды. 
1917  ж.  Қызылжар  сот  мекемелерінде, 1918 - 20 ж. Ташкент қ-ндағы Түркістан      Респ-ның   
"Ақжол"      газетінде қызмет атқарған Д. 1922 ж. ешбір себепсіз абақгыға жабылады, бірақ көп 
ұзамай  босатылады.  1922-26  ж.    ол    Орынбордағы      Қазақтың  халыққа  білім  беру 
институтында  (КИНО)  оқытушы  болып  істейді.  Қазақстан  мемлекеттік  баспасында  бөлім 
бастығы, "Еңбекші қазақта" редактордың стилистика жөніндегі көмекшісі болып істеген. Осы 
жылдары  Д.  екі  бөлімнентүратын  "Есеп  құралын"  әзірлеп,  Ташкент  қ-нда  бастырып 
шығарды.  "Балқия"  атты  төрт      перделі      пьеса    жазды.      Сол  кездегі        республика     
астанасында  қазақтың  ұлттық  театрының  негізін  құраған  көркемөнерпаздар  үйірмесінде 
қойылып,  зор  табысқа  ие  болған  бұл  шығарманы  қазақ  кеңес  театрының  алғашқы 
репертуарлық бастауларының бірі деуге болады. 
Д-тың  "Азамат"  атты  жинағында  ақынның      көңіл-күйін        білдіретін  сыршыл  сезімге, 
терең тебіреніске, ойшыл санаға қарай көбірек ойысып, шынайы поэзиялық өріске бет алғаны   
байқалады.    "Таза  бұлақ",  "Шағым",  "Мұң",  "Арманым",  "Сырым",      "Қажыған      көңіл",     
"Қиял", " Таң" сияқты өлең тақырыптарының өзі-ақ      нәзік      лирикаға      құрылған. 
1924  ж.  Орынборда  "Қирағат  кітабы"        (хрестоматиялық        оқулық),  Қызылордада  "Есеп 
құралының"  жаңа  басылымы  жарық  көрді.  Журналистік,  аудармашылық  қызметпен  де 


айналысады.  1925  ж.  ол  В.И.  Лениннің  "Жаңа  үнем  саясаты",  "  1905  жылғы  төңкеріс", 
Г.Зиновьевтің "Ресейлік коммунистік партияның тарихы" атты еңбектерін аударып Орынбор 
мен Қызылордада бастырып шығарды, төңкерістен кейінгі кезеңде қазақ тілінде шығарылған 
кітаптардың екі томдық библиографиялық көрсеткішін әзірлеп бастырады. Д. Қазақстанның 
аса  көрнекті  қоғам  қайраткерлері  жайында  очерк,  әңгіме,  портрет,  тарихи  дерекнамаларын 
орыс,  татар  басылымдарында  да  жариялады.  Оларды  өзге  халықгарға  танытуға  күш 
салды.  "  Абай",  "Хан  Абылай",  "  Қазақ  ақыны",  "Қазірет  Сұлтан",  "Ахмет  Байтұрсынович 
Байтурсынов",  т.б.  іргелі  зерттеу  мақалаларын  жазды.  Д.  Қазақстан  мен  қазақ  халқының 
халқының тегі, тарихы туралы еңбектер жазып қалдырды. Әсіресе, "Қазақ, қырғыздың ата тегі" 
туралы көлемді шығармасы 20 ғ. басындағы осы сипатты еңбектер арасынан тарихи деректік 
мазмұнымен назар аудартады. Д. 1928жылдыңаяғында қазақ оқығандары қатарында тұтқынға 
алынады. 1930 ж. ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін 
бұл  үкім  10  жыл  абақгы  жазасымен  алмастырылады.  1935  ж.  қазанның  5-і  күні  Сосновец 
ст-нда,  лагерьдің  лазаретінде  ауыр  науқастан  қайтыс  болады.  1988  ж.  қарашаның  төртінде 
республика Жоғарғы сотының коллегиясы Д-тың есімін біржола ақтады. Сүйегі 1992 ж. 1 - 18 
қыркүйек  аралығында  Торғай  өңіріндегі  өз  есімімен  аталатын  ауьш  бейітіне  әкелініп,  қайта 
жерленді. 18ғ. бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып шығармалары 
халқымен  қайта  қауышты.  Оның  атында  көшелер,  мектептер,  туған  жерінде  мұражай  бар, 
ескерткіш орнатылған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет