ДҮЙСЕНБЕКӘділ (24.5.1942 жт.. Тараз қ-ның жанындағы Жас өркен а) - жазушы. 1961 ж.
ҚазҰУ-ға түскен. 1964 - 67 ж. әскер қатарында болып, әуе десантында қызмет етті. Әскери
міндетін өтеп келген соң, университеттегі оқуын одан әрі жалғастырып, 1969 ж. бітіріп шықты.
Қазір" Егемен Қазақстанда" қызмет атқарады.
ДҮЙСЕНБИЕВ Әнуарбек (25.10. 1931. Алматы обл. Жамбыл ауд. Қарақыстақ а. - 15.9.1979.
Алматы) -ақын. ҚазҰУ-ды бітірген (1964). Қазақтың мемл. көркем әдебиет баспасында
редактор (1956 -58). "Балдырған" журналының жауапты хатшысы (1958 - 70). ҚР Телерадио
к-тінде (1970-71), "Жалын", "Жазушы" баспаларында аға редактор (1971-79) болып қызмет
істеді. Д-тің балалардың шаттыққа толы өмірін арқау еткен әр тақырыптағы өлеңдері
баспасөзде 50-жылдардан бастап жарияланды. Тұңғыш кітабы "Парадта" 1955 ж. жарық көрді.
Кейін "Сыйлық" (1956), "Не деу керек" (1957), "Бәтіңке, шұжық, балқаймақ" (1959), "Ана
жүрегі" (1961), "Гүлзар" (1962.1967), "Ауыл әуендері" (1965), "Аққулы айдын" (таңдамалы.
1976), "Жаңбырлы жаз" (1982), т.б. өлеңдері мен поэмалары. "Ақ қозы" (1972. 1987)
ертегі-повесі басылды. Шығармалары КСРО халықтары тілдеріне аударылды. көптеген
өлеңдеріне ән шығарылды. М.Ю. Лермонтов. А.В. Кольцов. Дж.Родари, Мэрис Керим, Я.Колас,
С.Маршак, А.Барто. С.Михалков, М.Жалил, Тоқгағүл, т.б. туындыларын аударды.