ДУЛЯТОВАбдумажит Шарипұлы (31.3.1949 ж.т.. Алматы обл. Шелек ауд. Байсейіт а.) - ақын.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1982). ҚазҰУ-дың журналистика ф-тін бітірген (1971).
1971-74 ж. ауыл мектебінде мұғалім. 1974 -80 ж. "Коммунизм туғи" (қазіргі "Ұйғыр авази")
газетінде корректор, тілші, бөлім меңгерушісі. 1980 - 82 ж. "Жазушы" баспасында редактор
болды. 1984 жылдан бері "Коммунизм туғи" газеті бас редакторының орынбасары. "Мен
жиырмадамын" (1973), "Көктемнің қайтып оралуы" (1977), "Адамға махаббат" (1980), "Туған
жердің жыры" (1986), "Қанатгы ойлар" (1986), "Ақ таңдар" (1990) атты өлеңдер жинақтары
шыққан. Орыс тілінде Мәскеуден шыққан "Ветвы чинары" (1980), "Истоки" (1984) жинақтарына
өлеңдері енді. 1992 жылы Ұйғыр ауданы тағайындаған Илья Бахтия атындағы сыйл. лауреаты
атанды. 1993 ж. Алматы қ-нда өткен түркі поэзиясы мүшәйрасының жеңімпазы.