ДҮЙСЕНБАЕВЫскақ Тәкімұлы (15.10.1910. қазіргі Омбы обл. Таврия ауд. Қаушақпан а. - 21.11.
1976. Алматы) - ғалым, филол. ғыл. докт. (1967). проф. (1971), ҚР ҒА-ның корр.-мүшесі (1975).
ҚР-ның еңб. сің. ғыл. қайраткері (1971). Мәскеуде М.Горький атынд. Әдебиет ин-тын бітірген
(1939). 1939 -42 ж. Қазақ мемл. көркем әдебиет баспасында редактор. КСРО ҒА Қазақ
филиалының әдебиет секторында ғыл. қызметкер. сектор меңгерушісі. 1942 - 43 ж.
әскери-педагогтік ин-т тыңдаушысы, 3-Украина майданының "Советский воин" газеті
редакторының орынбасары болған. 1946ж. Қазақстан ҒА-ның төралқасының ғалым-хатшысы.
1949 - 61 ж. Тіл және әдебиет ин-тында бөлім меңгеруші, 1961 - 76 ж. Әдебиет және өнер ин-ты аға
ғыл. қызметкер, кейін бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді. Ғыл.-зерт. еңбектері, негізінен,
фольюіор және әдебиет тарихы мәселелеріне арналған. Фольклор, әдебиет тарихына байланысты
көптеген басылымдардың жариялануына белсене араласып, Абай, Сұлтанмахмұт, Әуезов, Күлеев
шығармаларын, фольклор нұсқаларын және ақын-жыраулар туындыларының академиялық
жинақтарын құрастырып, шығаруға қатысты. Ф.Рабле, И.С. Тургенев, А.П. Чехов, Р.Роллан,
А.Горький шығармаларын қазақ тіліне аударған. Д-тың "Ғасырлар сыры" (1970), "Қазақтың
лиро-эпосы" (1973), "Мұхтар Әуезов" (1974), "Эпос және ақындар мұрасы" (1987) атты еңбектері
бар. Қызыл жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.