ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ КӨРКЕМ ШЫҒАРМА - кейде жазушының дүниеге, қоғамдық өмірге
көзқарасы мен әдебиеттік творчествосы үнемі бір тұтас болмай, жігі ашылып, арасында алшақтық,
тіпті қайшылық болады деген пікір кездеседі. Мүның мәнін дұрыс түсіну қажет. Асылында,
жазушының дүниетанымы мен творчествосы өте тығыз байланысты болады. Оның саяси,
философиялық, эстетикалық көзқарасы, дүниетанымы әдеби творчествоға негіз, тірек болады. Ал
әдеби шығармаларынан өмірлік ұстанымы. мақсат-мұраттары, эстет. идеалы айқын танылады.
Алайда, жазушы белгілі бір саяси тәртіпті жақтай отырып. көркем шығармасында өмірді
бейнелеген. Айтқан саяси пікірлерінен анағұрлым терең, озат ойларды аңғартатын кездері болады.
Мыс., Гоголь крепостнойлық тәртіпті жақгайтын кейбір пікірлер айта жүріп, "Өлі жандар"
романында сол крепостнойлық тәртіптің бар кемістігін, осал жақтарын аса үлкен шеберлікпен
әшкерелеп береді. Мәселе, әрине, жазушының шығарм. оның ой-санасынан, ой-пікірлерінен
шалғай кететіндігінде емес. Оның нақтылы өмірге тереңдеп үңілгенде бұрын қалыптасқан, өзі де
жақтайтын таным-түсініктің шеңберінен әлдеқайда асып түсіп, өмірдің шындығын суреткердің
айрықша сезімталдығымен сезінетіндігінде.