ДЫБЫС ҮЙЛЕСМІ - (Инструментовка) - поэзияда дыбыс үндестігін пайдалану тәсілі. Фонетикалық
және стилистикалық мән-мағынасына сай, әрбір сөз өлеңге жағымды тембр, эмоциялық бояу, нәр
қоса отырады. Аллитерация, ассонанс, дыбыс қайталаушылық, дыбыс еліктеушілік сияқты тәсілдер
дыбыс үйлесіміне негізделеді. Мыс., Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінекей, бұзған жоқ па
елдің сиқын? Немесе: Ұрысса орыс, Елге болыс, Үйден үрген итке ұқсап, - деген Абай өлеңдерінің
жолдары аллитерация және дыбыс қайталаушылық сияқты тәсілдерді қолдану арқасында қүлаққа
жағымды және ерекше эмоциялық нәр береді.