Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет447/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   677
ЕГЕУБАЙ  Асқар Құрмашұлы  (6.3.1950 ж„ Шығ. Қазақстан обл. Күршім ауд. Күршім а.) - 
ақын, түркітанушы, ғалым, аудармашы, филол. ғыл. докторы (1999). проф. (2003). ҚазҰУ-ды 
бітірген  (1974).  1967  -  1969  ж.  Зайсан  ауд..  Үлкен  Қаратал  а-ның  кешкі  шаруа-жастар 
мектебінде  мұғалім.  Марқакөл  ауд.  "Шамшырақ-Маяк",  Зайсан  ауд.  "Достық"  газеттерінде 
корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып қызмет істеген. 1974 - 84 ж. "Қазақстан 


коммунисі"  журналында,  "Қазақ  әдебиеті"  газетінде  әдеби  қызметкер,  бөлім  меңгерушісі, 
1984 - 87 ж. "Жазушы" баспасы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 1987 - 88 
ж. ғыл. шығарм. жұмыста болған. 1988 -89 ж. "Жұлдыз" журналында бөлім меңгерушісі, 1989 
- 90 ж. "Қазақ энциклопедиясы" Бас редакциясында бас редакторының орынбасары, 1990- 97 
ж. Қазақстан КП ОК-інде, Қазақстан Жоғ. Кеңесінде, ҚР Парламенті аппаратында референт. 
Баспасөз  қызметінің  басшысы,  кеңесші,  1997  ж.  ҚР  Президенті  жанындағы  Мемл.  қызмет 
академиясында  бағдарлама  директоры  қызметтерін  атқарған.  Қазір  Әдебиет  және  өнер 
ин-тында бөлім меңгерушісі. Алғашқы әдеби шығармалары 1964 - 67 ж. ауд.. респ., мерзімді 
жастар. балалар басылымдарында жарық көре бастады. Е. "Көктем тынысы", "Мөлдір тұма",   
"Жүректегі жұлдыздар", "Құс жолы", "Сыр мен сымбат", "Сөз жүйесі", "Әділет", "Движение" 
(орыс  тілінде),"Аламан",т.б.  поэзия,  әдеби  сын,  зерттеу  кітаптарының  авторы.  Гете, 
Т.Шевченко, О.Сүлейменов, Акбар Рысқұл, Қ. Киром, Ж.Мамытов, Ю.Кузнецов, т.б. көптеген 
ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған.  Ж.Баласағұнидың "Құтадғу білік"  (IX ғ.) 
ақылман дастаны алғаш қазақ тілінде Е-тың аударуымен толық жеке том болып жарық көрді 
(1986).  1989  ж.  осы  еңбегі  Пекиннің  Ұлттар  баспасында  араб  әліпбиімен  екінші  рет  шықты. 
"Құтадғу  білік"  дастанының  әдеби  сөздігі  мен  толық  мәтінінің  қазақ  әліпбиіне  үйлесімді 
транскрипциясын жасады. М.Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрк" атты сегіз кітаптан тұратын 
үш  томдық  энциклопедиялық  сөздігін  тұңғыш  рет  қазақ  тіліне  толық  аударған  (1997  -  98). 
1998 ж. қазақ әліпбиіндегі транскрипциясы да алғаш рет жасалып жүйелеп ұсынылды. "Кісілік 
кітабы"  (1998),  "Ежелгі  дәуірдегі  қазақ  әдебиетінің  көркемдік  жүйесі"  (1999),  "Құлабыз" 
(2001),  "Түркі  топонимикасының  алтын  дәптері"  (2002)  монографиялары  жарық  көрген. 
Қазақстан Комсомолы сыйл. (1984). Жамбыл атынд. халықар.  сыйл. (1996) иегері. Казақстан 
Жоғ.  Кеңесінің  Құрмет  грамотасымен  (1984),  "Еңбектегі  ерлігі  үшін"  (1986)  медалімен 
және "Құрмет" орденімен (2003) марапатталған.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   443   444   445   446   447   448   449   450   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет