ЕГОРОВФедор (24.9.1913. Ресей. Волгоград обл. Калмыцкая Балка с. - 1975. Алматы) -
жазушы. Жеті жасында жанұясымен бірге Бат. Қазақстан обл-ның Жәнібек а-на көшіп
келген. 1932 - 33 ж. Атыраудағы ауданды қ " Рабочая правда" газетінің редакциясында, 1933 -
35 ж. окр. "Прикаспийская коммуна" газетінде бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарған.
2-дүниежүз. соғысынан оралғаннан кейін респ. "Казахстанская правда" газетінде тілші,
Алматы жоғары партия мектебінде аға оқытушы болған. "Қызыл жұлдыз" орденімен,
медальдармен марапатталған.