Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет446/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   677
"ЕГЕМЕН  ҚАЗАҚСТАН"  -  республикалық  қоғамдық-саяси  газет.  Құрылтайшы  және 
шығарушы  -  "Егемен  Қазақстан"  респ.  газеті  ашық  акционерлік  қоғамы  (Президенті 
С.Әбдірахманов).  Тұңғыш  саны  "Ұшқын"  деген  атпен  1919  ж.  17  желтоқсанда  2  бет  болып 
жарық көрген. Кейін аты өзгеріп, "Еңбек туы" (1920), "Еңбекшіл қазақ" (1921- 25), "Еңбекші 
қазақ"  (1925-  32),  "Социалистік  Қазақстан"  (1937  -  91),  "Егеменді  Қазақстан"  (1991  -  93) 
болып шықты. 1993 жылдан қазіргі атымен шығып келеді. Газет ең алғаш Орынборда, одан 
кейін Қызылорда қ-нда басылды. 1929 жылдан аптасына 5 (кейде 6) рет шығады. Газетке әр 
жылдары Х.Есенбаев (1919 - 20), Т.Сафиев (1920), Б.Күлеев (1920), С.Садуақасов (1921.1925 - 
26),  Ж.Аймауытов  (1921),  М.Әуезов  (1921),  Ә.Байділдин  (1922),  Б.Майлин  (1922), 
С.Сейфуллин  (1922-24),  М.Жолдыбаев  (1922-  25),  Т.Рысқұлов  (1926),  О.Жандосов  (1926), 
О.Исаев  (1926),  Ғ.Тоғжанов  (1926  -  32),    А.Мусин  (1932  -  34),  Ғ.Мүсірепов  (1934  -  36), 
Ж.Сәдуақасов (1936). Ж.Арыстанов (1937 -38), С.Бәйішев (1938 - 40), Ә.Қанапин (1941 - 42). 
Б.Асанов (1943 - 49), К.Шәріпов (1949 - 51. 1955 - 60), К.Бекмұратов (1951 - 52). Ғ.Аққұлақов 
(1952 - 55), К.Үсебаев (1960 -69), Ұ.Бағаев (1969 - 73), С.Байжанов (1973 - 83), Б.Қыдырбекұлы 
(1983  -  87),  КДүйсеев  (1987  -  89),  Ш.Мұртаза  (1989  -  92),  Ә.Кекілбаев  (1992  -  93), 
Н.Оразалин  (1993  -  96).  У.Қалижан  (1996  -98),  Е.Смайыл  (1998  жылдан)  бас  редактор 
болған. Қазіргі бас редакторы - Жанболат Аупбаев. Қазіргі президенті - С.Абдрахманов. "Е. Қ." 
респ-ның  саяси.  әлеум..  экон.  және  мәдени  өміріндегі  жаңалықтар  мен  өзекті  мәселелерді 
шұғыл  жариялап,  жұртшылықты  Қазақстан  үкіметінің  және  респ.,  обл..  қалалық.  ауылдық 
әкімш-тердің қызметі туралы хабардар етеді. Газет бетінде ҚР Президентінің Жарлықтары, 
Қазақстан Парламенті қабылдаған заңдар, Үкімет шешімдері жарияланады. Газеттің меншікті 
тілшілері республиканың барлық обл. орт-тарында. ТМД елдерінің астаналарында. кейбір шет 
елдерде тұрақты жұмыс істейді. Қазір аптасына 4- 5 рет шығып тұрады. Көлемі 4 бет. кейде 8 
немесе 16 бет болып шығады. таралымы 105147 дана (2005).   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   442   443   444   445   446   447   448   449   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет