Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет445/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   677
 
ДІНІШЕВ  Мұса  Бөкенбайұлы  (5.5.  1912  ж.т„  Бат.  Қазақстан  обл.  Казталов  ауд.)  -  журналист. 
Қазақстанның  еңб.  сің.  мәдениет  қызметкері  (1985).  1930  ж.  Ақтөбе  қ-ндағы  пед.  техникумды 
бітірген.  Ауд.  комсомол  к-тінің  хатшысы  (1932  -34).  "Лениншіл  жас"  (қазіргі  "Жас  Алаш") 
газеті редакциясының бөлім меңгерушісі (1934 - 37), Қазақ радио к-тінің редакторы (1937- 41) 
қызметтерін  атқарған.  1941  ж.  әскер  қатарына  алынып.  ро-таның  саяси  бөлімі  командирінің 
орынбасары.  Кеңес  әскерлерінің  әр  түрлі  майдандық  газеттерінде  тілші  болды.  Қазақ  біріккен 
мемл. баспасында редактор (1947 - 50). "Қазақфильм" киностудиясы сценарий бөлімінің бастығы 
(1950 -51), Оқу пед. мемл. баспасының ("Учпедгиз") директоры (1951 - 53). Баспа ісі жөніндегі бас 
басқарма бастығының орынбасары (195-3 - 54). Мәдениет мин-нің бас редакторы (1955 - 58) 
қызметтерін  атқарды.  "Мәдениет  және  тұрмыс"  (қазіргі  "Парасат")  журналының  алғашқы 
редакторларының  бірі  (1958 - 61). бас редакторы (1965 -76). Қазақстан мәдениет министрінің 
орынбасары  (1961  -64)  қызметтерін  атқарып,  отандық  мәдениетті  дамытуға  үлес  қосты.  1976 
жылдан  1987  жылға  дейін  шет  елдегі  отандастар  арасында  тараған  "Біздің  Отан"  газетінің 
редакторы  болды.  Қызыл  Жұлдыз,  2-дәрежелі  Отан  соғысы  ордендерімен,  медальдармен 


марапатталған.  
 
ДІНИСЛАМОВ Фатих (1917, бұрынғы Семей обл. Абай ауд. Қарауыл а. - 1965) - ақын. 1933 ж. 
орталау мектепті бітіріп, Қызылордадағы "Ленин жолы" (қазіргі "Сыр бойы") теміржол газетінде 
әдеби  қызметкер  болып  істеді.  Қызылордадағы  кеңес  саудасы  техникумын  бітіріп  (1937), 
Алматыдағы  журналистика  ин-тында  оқыды.  1940  -  42  ж.  Респ.  радио  к-тіңде  редактор,  орта 
мектепте мұғалім болып қызмет істеген. 1944 - 49 ж. бірыңғай шығарм. жұмыспен шұғылданған. 
1949 жылдан өмірінің ақырына дейін Қазақ көркем әдебиет баспасында редактор болып істейді. Д. 
шығарм. жұмысқа 1944 жылдан араласып, "Намыс", "Семсер" деген өлең жинақтары, "Сырлы көл" 
деген  әңгімелер  жинағы,  "Ұшқын"  атты  повесі  шықты.  Д.  орыс  әдебиетін  аудару  ісімен  де 
шұғылданған. Н.В. Гогольдің драмалық шығармаларын, А.С. Пушкиннің "Ұлы Петрдің Араны", 
"Пугачевтің  тарихы"  атты  прозаларын,  А.Н.  Островскийдің  "Орман"  пьесасын,  А.П.  Чеховтың 
біраз  әңгімелерімен  повестерін,  А.М.Горькийдің  "Италия  туралы  ертегілерін"  С.Маршактың 
балаларға  арналған  "Мистер  Твистер"  деген  поэмасын  қазақ  тіліне  аударды.  Ол  Грузия,  Индия, 
Пәкстан жазушыларының да бірер еңбектерін ана тіліне аударған. 
 
ЕБЕКЕНОВ  Еркеш,  Еркеш  Ибраһим  (7.11.1930.  Ақмола  обл.  Балқашин  а.  -  18.10.1986. 
Қарағанды  қ.)  -  ақын.  ҚазҰУ-ды  бітірген  (1955).  1955  -  61  ж.  Көкшетау  обл.  "Көкшетау 
правдасы" газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1961 - 86 ж. "Социалистік Қазақстан" 
(қазіргі  "Егемен  Қазақстан")  газетінің  Көкшетау,  Қарағанды  облыстары  бойынша  меншікті 
тілшісі болған. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1954 жылдан жариялана бастаған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   441   442   443   444   445   446   447   448   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет