Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет452/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   677
"ЕДІЛ-ЖАЙЫҚ" - эпостық жыр. Оқиға сарыны халық арасына кең тараған ертегі сюжетінен 
алынған. Шығармада Еділ, Жайық атты батырлардың ерлік істері баяндалады. Екі батырдың 
бірін-бірі  іздеп  шығып,  халықты  жаудан  азат  етуі,  әкесі  Еділді  баласы  Бөртештің  іздеу 
жолындағы  ерлігі  эпостық  сарында  суреттеледі.  Ел  қорғаны  батырлардың.  адамға  дұшпан 
күштердің  мінездемесі  эпикалық  әсірелеу  дәстүрінде  берілген.  Бұрын  еш  жерде 
жарияланбаған,  тақырып,  тарауларға  бөлінбеген.  Бұл  жырдың  ауыз  әдебиетін  жинаушы 
Б.Тұрсынбаевтың  1951  ж.  Жамбыл  обл-нда  тұрған  Мұса  деген  қарт  ақыннан жазып алған 
нұсқасы толық, 7-8 буынды жыр үлгісіне құрылған. Ал осы Б.Тұрсынбаевтың  ел аузындағы 
аңыз  негізінде  өңдеп  жырлаған  "Еділ  мен  Жайық  батыр"  атты  дастандарының  Мұса 
нұсқаларынан  сәл  өзгешелігі  бар.  Б.Тұрсынбаевтың  нұсқаларында  екі  батыр қалмаққа қарсы 
соғысып, жау қолынан қаза табады. Бұл нұсқа да бұрын баспа бетін көрмеген, мәтіні толық, 7-8 
буынды  жыр  үлгісіне  құрылған.  Мұса  нұсқасы  Әдебиет  және  өнер  ин-тының  Қолжазбалар 
және мәтінтану бөлімінде, ал Б.Тұрсынбаев нұсқасы Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. 
 
ЕДІЛБАЕВ Жұмабек (15.6.1923. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ. -23.8.1983. Алматы) - ақын, 
жазушы,  драматург.  Түркістандағы  пед.  уч-щені  бітірген  (1944).  1944  -67  ж.  Шымкент. 
Қарағанды обл. заң орындарында. Түркістан ауд. партия к-тінде, Оңт. Қазақстан обл. "Оңтүстік 
Қазақстан"  газеті  редакциясында,  өлкелік  радио  к-тін-де.  КСРО  Журналистер  одағының 
өлкелік бөлімшесінде қызметте болған. 1967 жылдан шығарм-пен айналысқан. Өлеңдері мен 
поэмаларының  алғашқы  жинағы  "Оңтүстік  самалы"  1960  ж.  жарық  көрген.  Е.  200-ден  аса 
шығарманың  авторы.  "Сезікті  секіреді"  (комедия.  1969),  "Әке  мен  бала"  (драма.  1970), 
"Жалғасқан жүректер" (драма. 1976), "Қоштасқым келмейді" (драма. 1981), "Дәу әже" (1983), 
" Келіншектің кереметі", "Бір күннің оқиғасы", "Сағыныш сазы" секілді пьесалары обл., респ. 
драма театрларында қойылған. 
 
ЕЖЕНОВА Ардақ (18.8.1944 ж.т.. Алматы обл. Ақсу ауд. Ақсу а.)  - ақын. Қазақтың мемл. 
қыздар  пед.  ин-тын  бітірген  (1969).  1969  -  76  ж.  Сарқан  ауд.  мектепте  мұғалім.  Алматыда 
"Қазақстан"  баспасында,  1976  жылдан  "Друг  читателя"  газетінің  редакциясында  жұмыс 
істеген. Е. өлеңдері бірқатар ұжымдық жинақтарда жарияланған. 
 


"ЕКПІН" - Алматы қаласындағы 1928 ж. ашылған Жұмысшылар факультеті оқушыларының 
қолжазба  журналы.  Журналдың  үш  бөлімі  болды.  "Жалпы  бөлімде"  жастарды  өндіріс 
орындарының іргетасын қалауға, оған қазақ әйелдерін тартуға, ұлт жұмысшыларын көбейтуге 
шақырды.  "Әдебиет"  бөлімінде  Әл-мұханбетүлының  "Жеңдік  және  жеңеміз",  "Мәдениет 
төңкерісінің  жолында".  Байғонысүлының  "Біздің  Қадыр",  Мұсаұлының  "Қарағанды", 
Қаленұлының  "Қарсақпай"  деген  өлең,    әңгімелері  жарияланған.  Журналдың  үш  ғана  саны 
сақталған.   
 
"ЕКПІНДІ ЖАС" - Қазақстан өлкелік пионерлер бюросының құрылтайшылығымен 1930 ж. ай 
сайын  шығып  тұрған  балалар  журналы.  Редакторы  Ә.Мәметова  болған.  Шығарушылар 
алқасында  М.Жолдыбаев.  Б.Майлин  болды.  Таралымы  5  мың  дана.  Алғашқы  саны 
Қалмақанның  "Ініме"  деген  арнау  өлеңімен  ашылған.  Журналда  Ә.Мәметованың  "Сыйлық", 
М.Жолдыбаевтың  "Ересек  пен  пионер",  Ө.Тұрманжановтың  "Пионер"  (4-саны),  атты 
суреттеме,  әңгімелері.  Қ.Қалиұлының  "Біздің  заман",  Ғ.Дәулетұлының  өлең,  жұмбақтары 
(5-саны) жарияланған. Журналдың 7 саны сақталған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   448   449   450   451   452   453   454   455   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет