ЕЛЕУСІЗҰЛЫ Тұрсын (3.3.1935 ж.т.. Алматы обл. Панфилов ауд. Алмалы а.) - ақын, жазушы.
Жаркенттегі балалар үйі мен интернатта тәрбиеленген. Пед. уч-щені (1957). ҚазҰУ-ды (1966)
бітірген. 1966-71 ж. Талдықорған қ-ндағы "Жетісу шұғыласы". бүрынғы Талдықорған обл.
"Октябрь туы" газеттерінде, Обл. халық ағарту бөлімінде балалар үйлері мен мектеп-интернат
секторында, 1971 - 87 ж. респ. "Спорт" газетінде, "Қазақстан мектебі" журналында, қазақ
радиосында қызмет атқарған. "Жоғалған ойыншық" (1967), "Балбұлақ" (1975), "Сыйлық" (1984),
"Соны соқпақтар" (1986) жыр жинақтарының, "Иван Шадрин" (1973), "Жұлдызды ұстаз" (1982),
"Люди, Я расту!" (1998) повестер мен әңгімелері жинағы. "Әйел һәм жалғыздық" (2003)
ғұмырнамалық кітаптарының авторы.