шешендігі жайлы әңгімеленеді. Ылғи жеңіске жетіп, жолы болып жүретіндіктен, халық оны
ардақтап "Ақжолды", "Ақжолтай", "Ағыбай батыр" деп атаған. Ел арасында Ағыбай туралы
аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар көп кездеседі. Батыр жөнінде бірнеше жыр нұсқалары сақгалған.
Соның ішінде көркемдігі мен мазмұны жағынан құндысы - халық ақыны Ж.Мәдиевтің 1949
жылы Н.Бейсеновтен жазып алған жыры. Бұдан басқа Т.Айнатасов, Тәттімбетұлы,
М.Жиреншин, Қ.Нұрғалиев, Қ.Қартаңбаевтар жинаған жырлар да бар. Бұл дастандарда ел
қорғау жорығына қатысып, ерлік жасаған Ағыбай батырдың бейнесі жырланады. "Ер Ағыбай"
туралы жырлар Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы.
Достарыңызбен бөлісу: