Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет461/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   677
ЕЛІКТЕУ  - жазушының, ақынның өз шығармасында белгілі бір әдеби нұсқаны үлгі тұтып, 
талантты  өнер иелерінен өнеге алуға ұмтылуы. Осындай үлгі  алушылық  екі түрлі мағынада 
айтылады.  а)  жаңадан  жазып,  іздену  үстінде  жүрген,  әлі  әдебиеттегі  өз  жолын  айқындай 
алмаған  жас  қаламгердің  басқаға  Е-і.  немесе.  атақгы  сөз  зергерінің  ықпалынан  шыға  алмай, 
оның өрнек-үлгілерін сырттай қайталаудан аса алмаған жазушының шығарм. әлсіздігі. Мұндай 
Е. әдеби ықпалдың, әдеби-әсердің үйренушілік дәрежесіндегі көрінісі; ә) белгілі жазушының 
стилін,  бейнелеу  мәнерін,  не  басқа  бір  әдеби  нұсқаны  саналы  түрде  қайталау.  Мұндай  Е. 
өзіндік  көркемдік  тәсілдерде  қолданылуы  мүмкін.  Соның  нәтижесінде  дәстүр  тағылымына, 
көркемдік,  стильдік  ерекшеліктерді  жаңғыртып,  жаңаша  қолдану  ға  негізделген  шығармалар 
туады.  Олардан  дәстүрді  игеру  шеберлігі,  жаңашылдық  ізденістер  айқын  танылады.  Мыс., 
Лермонтовтың  "Байронға  еліктеу"  (Күлме, досым...). Некрасовтың  "Шиллерге  еліктеу"  атты 
өлеңдері. Шығыс әдебиетінде бір кездерде кең тараған белгілі сюжетке жаңа шығарма жазу да 
әдебиеттегі дәстүр жалғастығын сақтауға ұмтылудан туған. Кейде түпнұсқадан алшақ жерлері 


көп еркін аударма өлеңді де толық мағынасында аударма деуден гөрі Е. деп қараған жөн. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет