Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет462/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   677
"ЕЛІМ-АЙ"  -  жоңғар  шапқыншылығының  ауыр  кезеңіндегі  (1723-25)  қазақ  халқының 
басына  төнген  қауіп-қатер,  азап-қиыншылықты,  босқан  елдің  мұң-зарын  толғайтын  тарихи 
сазды өлең. Ол соңғы кездерге дейін "халық өлеңі" деп танылып келді. Кейінгі зерттеулерде 
оның  нақты  авторы  -  Қожаберген  жырау  Толыбайұлы  делінеді.  "Қаратаудың  басынан  көш 
келеді"  өлеңін  ең  алғаш  рет  баспасөзде  жариялаған  -  М.Тынышбаев.  Бұл  жырды  кейінірек 
А.Байтұрсынұлы,  Ж.Досқараев,  Ә.Кекілбаев  пен  М.Мағауиндер  де  жариялаған. 
Фольклор-танушы М.Оразаев тапсырған нұсқаны Ы.Дүйсенбаев зерттеген. Осы тарихи өлең 
туралы  С.Сейфуллин,  К.Жұмалиев,  Н.С.Смирнова,  Б.Уақатов,  Г.Тұрсыновалар  мақалалар 
жазды.  Кейбір  зерттеулерде  (М.Оразаев  нұсқасында)  жырдың  авторы  ретінде  арғын  Топыш 
ақынның  аты  аталады,  алайда  мұн  дай  кісі  туралы  дерек  жоқ.  Жыр  өзінің  жүрек  тербейтін 
мазмұнымен қатар, әдемі де әуезді әуенге құрылған. 
 
"ЕҢЛІК-КЕБЕК"  -  екі  жастың  махаббатын  жыр  ететін  шығармалардың  жалпы  атауы. 
Шығармаға  өмірде  шын  болған  ғашықтар  Еңлік  пен  Кебектің  трагедиялықтағдыры  арқау 
болған. Сюжеті әңгіме түрінде "Қазақтардың естерінен кетпей жүрген бір сөз" деген атпен 1892 
жылы  "Дала  уәлаятының  газетінің"  31  және  39-сандарында  басылған.  Дастанға  ұқсас  қара 
сөзбен тағы бір сюжет "Дала уәлаятының газетінің" 1900 жылы 46-санында "Қазақ тұрмысынан 
хикая"  деген  атпен  қайта  басылған.  Бүгінгі  күнде  жыр  түрінде  жеткен  "Еңлік-Кебек" 
дастанының екі нұсқасы белгілі. Оның біріншісі - 1912 жылы Семейдегі "Жәрдем" баспасынан 
жеке кітап болып жарық көрген, Абай ұсынған тақырып бойынша Шәкерім жазған "Жолсыз 
жазаяки кез болған іс" деген шығарма да, екіншісі - Мағауия Абайұлы жазған "Еңлік-Кебек" 
дастаны.  Шәкерім  нұсқасы  1988  жылы  екі  қайтара  жарық  көрді.  Поэма  652  жолдан  тұрады. 
Көлемі  шағын  болғанымен,  эпик.  тынысы  кең,  сюжеті  күрделі,  оқиғаға  бай,  драмаға  толы 
шығарма.  М.Әуезов  жеке кітапханасында сақгалған Мағауия Абайұлы дастанын 1941  жылы 
К.Мұхамедханов  баспаға  әзірлеген.  Бұл  қолжазба  тек  1960  жылы  баспадан  шығарылған 
"Дастандар" деген жинақта алғаш рет жарияланды. Осы нұсқа туралы Әуезов: "...Образдарды 
бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынап көрсетуде, адамгершілік талабын ең үлкен мақсат, 
арман етіп биік сапада танытуда Мағауияның бұл шығармасы да өз уақытындағы бағалы еңбек 
болатын"  деп  жоғары  бағалады.  Ұлы  жазушы  "Еңлік-Кебек"  дастанының  арқауымен  осы 
аттас трагедия жазды. Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында Еңлік пен Кебекке ескерткіш 
орнатылған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   458   459   460   461   462   463   464   465   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет