"ЕР ҚАБАНБАЙ" - тарихи жыр. Қаракерей Қабанбай (Шын ата - Ерасыл) туралы жырлар 18
ғ-да туып, 19 ғ-да хатқа түсе бастаған. "Е. Қ." жырының ертеректегі қолжазбалары
Санкт-Петербург (Березин мұрағаты), Омбы (Г.Н. Потанин мұрағаты), Қазан (Қазан ун-ті қоры,
Б.Тәуекелұлы өткізген) қ-ларын-да сақталған. Қабанбай батыр туралы жырлардың кейінірек
жазылып алынған мәтіндерінің саны оннан асады. Жырларды сақгап жеткізушілер: К.Әбжанұлы,
Қ.Омарұлы, Н.Байматайұлы, Б.Мергенбаев, Ә.Құрманов, Е.Ахметбеков, Қ.Әділбеков, Т.Мағзиев,
т.б. "Е. Қ" жырларының Нұғыман нұсқасы (1936), Потанин нұсқасы (1972) жарық көрсе,
К.Әділбеков нұсқасы (1976) күйтабаққа жазылған. Жырдағы оқиғалар үш ірі кақтығыс төңірегінде
шоғырланған: Қабанбай мен жоңғар батырларының жекпе-жегі, Қабанбай мен Дәулетбай,
Қабанбайдың қайта айналып шапқан жаумен шайқасы. "Е. Қ." жыры Қабанбай батырдың туысы
Дәулетбайға жорықта алып жүретін ақ туын тапсырып тұрып, "еліңе ие бол, жауыңнан сақтан,
Қабанбай өлді дегізбе" деп айтқан өсиетімен түйінделеді. Қабанбай батырдың өлімі жырдың
шарықтау шегі болып табылады. Жыр Қабанбай сүйегінің моладан ұшып кетуі сияқты
аңыздық-мифтік сарынмен аяқталады. Жырда тарихта болған адамдар есімі мен геогр. атаулар да
кездеседі. Бүл жырдың нақты тарихи деректерге негізделгенін дәлелдейді. Қабанбай батыр туралы
дастан-жырлардың нұсқалары Орт. ғыл. кітапхананың қолжазбалар қорында сақтаулы тұр.