"ЕР КӨКШЕ" - тарихи жыр. Дастанның бірнеше нұсқасы бар. Ертеректе Ертіс бойынан жазылып
алынғандары - В.В. Радлов пен Мәшһүр Жүсіп Көпеев нұсқалары. Жырда Ер Көкше мен Ер Қосай
сияқты батырлардың елін сыртқы жаудан қорғауға жанын құрбан еткен ерлігі дәріптеледі. "Е. К."
жырының нұсқалары Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. Одан басқа Каспий өңірінде Мұрын
жырау, Сырдария, Арал бойында Хангелді Асайын, Бисен Сарманов айтқан нұсқалары бар. Ақын
К.Көшкіншіұлы жырлаған нұсқасы Түркістан маңына кеңінен мәлім. Каспий өңірінен Түркістан
аймағына дейін таралған нұсқасында Орманбет хан өліп, он сан ноғай жұрты бөлінген кездегі
Көкше батыр ерлігі суреттеледі. Бұл жырдың Мұрын жырау жырлаған нұсқасы жарық
көрген(1990).