Н.
Төреқұловтың "Жамбыл және Кенен" (1978), "Жүз жасаған бәйтерек" (1982), "Алатау
асқарынан жыр асырған" (1996). т.б. ғыл. еңбектері бар. Белгілі ғалым М.
Жолдасбеков 20
ғ-дың 70-жылдары Жамбыл туралы бірнеше мақалалар жариялады. Ол "Жамбыл және оның
ақындық мектебі" деген тақырыпта докт. диссертация. қорғады. 1993 ж. "Жүз жасаған жүрек"
деген кітабы мен 1996 ж. "Асыл сөздің атасы" атты монографиясы жарық көрді. Жамбылдың
шығарм-ғы туралы бірнеше мақалалар жазған ғалымдар мен жазушылар:
М.Ғабдуллин,
Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, М.Қаратаев, Базарбаев, С.Қирабаев, 3.
Ахметов, М.Н.Сауранбаев,
Ш.
Сәтбаева, Ә.Нұрпейісов, С.Бегалин, Т.Жароков, Ғ.Орманов, Б.Уахатов, М.Хакімжанова,
Р.Сыздықова, О.Нұрмағамбетова, М.Хамраев, С.Қасқабасов, К.Сейдеханов, С.Негимов, т.б.
Жамбылдың өмірі мен шығарм-ғы туралы орыс оқымыстылары да көптеген мақалалар мен
монографиялар жазған. Олар К.3елинский, К.Алтайский, З.Кедрина, П.Кузнецов, М.И.
Ритман-Фетисов, М.Сильченко, Н.Смирнова, Н.Тихонов, Л.Соболев, В.Шкловский,
М.Шолохов, т.б. Жамбылдың көркемсуретгі бейнесі Ә.Қастеев, К.Наурызбаев, О.Таңсықбаев,
Ә.Исмайлов шығармаларында сомдалды. Жамбылдың кинофильмдегі образы "Жамбыл"
(сценарийін жазған Н.Погодин мен Ә.Тәжібаев, реж. Ефим Дзиган, Жамбылдың рөлін
Ш.Айманов ойнаған). "Жамбылдың жастық шағы" (сценарийін жазған Жолдасбеков, реж.
К.Қасымбеков) фильмдерінде жасалды. Жамбыл шығармалары бірнеше шетел тілдеріне
аударылған.
Достарыңызбен бөлісу: