ЖАНАМА ҰЙҚАС - жырда негізгі желілі ұйқасқа қосарланып, ара-арасында келетін қатар
тармақтың үйлесімі. Желілі ұйқас түйдек-түйдек болып топтасатын көптеген тармақтарды қамтиды
да, арасында қалып отыратын кейбір тармақтар өзара ұйқасады. Мыс., "Күлдір-күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз? Күдеріден бау тағып, Ақ кіреуке киер ме екенбіз?" (Ақтамберді жырау)
ЖАНАТҰЛЫ Баят (1.9.1935 ж.т.. Моңғолияның Баян Өлгий аймағы "Қызыл қайың" а.) - ақын.
ҚазҰПУ-ды бітірген. Байөлке аймағының жастар к-тінде. Қызыл қайың ауд. партия к-тінде
жауапты қызметтер атқарған. 1992 ж. Қазақстанғақоныс аударған. 1993 - 97 ж. Көкшетау обл.
"Көкшетау" газетінің тілшісі болған. "Кестелі орамал" ( 1 976), "Меруерт" (1980), "Қиян асулар"
(1984) атты әңгімелер жинақтары жарық көрген. "Мен де кінәлімін", "Солдат сыры", "Айырылмас
құшақ", "Айдарға тағылған айдар", "Біздің үйленуіміз", "Бажалар бас тырнаспайды" драмалық
шығармалары бар. Моңғолияның "Алтын жұлдыз", "Еңбек даңқы", "Жастардың алтын
медальдары" орден, медальдарымен марапатталған