Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет539/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   677
ЖАНАЙДАРОВ  Орынбай (15.4. 1951 ж.т., Көкшетау обл. Кенесары а.)- ақын. Көкшетау пед. 
ин-тын  бітірген.  Ауыл  мектебінде  мұғалім,  ауд.  газет  редакциясында  әдеби  қызметкер.  респ. 
"Жазушы", "Жалын" баспаларында редакгор қызметтерін атқарған. Қазір Қазақстан Жазушылар 
одағында әдеби кеңесші. Өлеңдерін орыс тілінде жазады. Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 
1968 ж. жариялана бастады. Топтама жырлары «Откровение», «Целинный меридиан», «Пусть не 
гаснет солнце», «Байконур» ұжымдық жинақтарына енген. 15 - 19 ғ-лардағы қазақ жырауларының 
жыр-толғауларын орыс тіліне аударған. Халықар. "Алаш" әдеби сыйл. лауреаты (2000). 
 
ЖАНАҚ Жаңабатырұлы (1768. Павлодар обл. Баянауыл ауд. Қызылтау а. - 1850. сонда) - ақын. 
Әкесі Жаңабатыр елге белгілі палуан болған. Ж. ауыл молдасынан діни сауатын ашып, Үргеніш 
медресесінде оқыған. Ж-тың шығармаларынан тек "Баянауыл" дастаны мен "Бөкей төреге" толғауы 
ғана сақгалған.   
 
ЖАНАҚ  Қамбарұлы.Керей  Жанақ  (1760.  Солт  Қазақстан  обл.  Жамбыл  ауд.  Гүлтөбе  а.  - 
1857. сонда) - ақын. Ж. бала кезінде Қожаберген - Асқан, Самарқан медреселерінде оқыған. Кейін 
өзі оқыған медреседе сабақ берген. Ж. "Қозы Көрпеш  - Баян сұлу" жырының бір нұсқасын. "Ер 
Сырым",  "Қазақ ханы  Ер  Есім",  "Ақпамбет  батыр",  "Абылай хан"  дастандарын  жырлаған. Түбек 
бастаған 16 ақынмен айтысып жеңген. Ақынның шығармаларының көпшілігі сақталмаған. Ж-тың 
халыққа белгілі шығармалары - "Орынбайға айтқаны". Түбекпен, Сабырбаймен айтыстары.   
 
ЖАНАҚ  Сағындықұлы  кіші  Жанақ  (1870  ж.т.,  Шығ.  Қазақстан  обл.  Абыралы  ауд.  Қайнар 
кеңшары. Жақсы Абыралы қонысы - 1945. Нұра өзені бойы. Төре а.) - ақын. Ж. ауыл молдасынан 
дәріс алып, хадимше хат танып, діни білім алған. Әкесі Сағындық құсбегі кейіннен Ж-ты Түркістан 
өңіріндегі Қарнақ медресесінде, Ташкент қ-ндағы медреседе оқытқан. Ж. жас кезінен өнер жолына 
түсіп, домбыра тартып, жыр-дастандарды жатқа білген. Ж. 1790 - 97 ж. Сырым Датұлы бастаған 
ұлт-азаттық  көтерілісіне  қатысып,  қозғалыс  жаршыларының  бірі  болған.  "Қозы  Көрпеш  -  Баян 
сұлу" жырының халық арасына ең көп тараған нұсқасын сонда айтып, шығарған. 1846 ж. жазда ел 
аралаған поляк А.Янушкевич жазған Жанақ - осы кіші Ж. Ж. қазақгың батырлық эпостарының, 
махаббат  дастандарының  көбін  жатқа  білген.  Ж.  өлеңдерін  Ш.Уалиханов  жоғары  бағалаған.  Ж. 
көптеген дастан, өлең-толғаулар шығарған. Ақынның "Шұбарым, арғымағым, кермаралым" дейтін 
өлеңі  Құрбанғали  Халидидің  ("Тауарих-хамса",  Қазан.  1910)  кітабында  жарияланды.  "Рүстем 
төреге айтқаны", "Баласы Сәнияздың атың Қамбар", "Мен едім Айдаболға келген Жанақ", "Тоқты 
менен  ешкінің  қаны  бірдей",  т.б.  өлеңдері  бар.  Оның  жырларын  алғаш  рет  Ы.Алтынсарин  мен 
В.Радлов жинаған. Ақынның  бірнеше өлеңдері "Бес ғасыр жырлайды" (1985. 1-том) жинағында 


басылған.  Ақын  өмірін  зерттеуші  С.Тәбәрікұлы  "Жанақ  ақын"  атты  зерттеулер  мен  мақалалар 
кітабын (1997) жарыққа шығарып, онда Ж-тың бірнеше өлеңдері жарияланды. Шығармалары 
Орт. ғыл. кітапхананың қолжазба қорында сақтаулы. 
 
ЖАНАҚ Төлекұлы, үлкен Жанақ (1743. Қостанай обл. Наурызым ауд. Қайқы а. - 1821. сонда) - 
ақын. Ж. ауыл молдасынан оқып, хадимше хаттанып, діни білім алған. Бұқар жырау, Тәттіқара, 
Үмбетей, керей Жанкісі жырауларға шәкірт болған. Ж. Баян батырға, Бөгембай батырға. т.б. арнап 
дастандар  жазған.  бірақ,  ол  шығармалары  бізге  жетпеген,  не  жиналмаған.  Ж-тың  "Данышпан 
бабалар" атты толғауы ғана белгілі. Ж. туралы дерек - жазушы Н.Әбуталиевтің "Сегіз сері" (1991) 
кітабында берілген.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   535   536   537   538   539   540   541   542   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет