Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет553/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   677
ЖАҢЫЛТПАШ - қазақ ауыз әдебиетінің шағын жанры. Ж. ойын-сауыққа жиналған жұртты 
күлдіру, жас ұрпақтың тілін ұстартып, әр түрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатымен пайда 
болған. Ж-тың сөздері  адамды жаңылдыратындай қиын, көбінесе, ұяң және қатаң  дауыссыз 
дыбыстардан құралады, қара сөз немесе өлең түрінде келеді. Қазіргі кезде Ж. жаңа мазмұнға ие 
болып,  түрі  мен  мазмұны  жағынан  молыға  түсті.  Жас  ұрпақты  достыққа,  бірлікке, 
адамгершілікке,  ізгі  қасиеттерге  тәрбиелеудің  маңызды  құралына  айналды.  Мыс.:  " 
Қамаштан көріп қалашты. Қалашқа Жарас таласты. Бөлінсін десең қалаш тең, Таласпа Жарас 
Қалашпен",  Тәрбиелік  маңызы  бар  мұндай  Ж-тар  балабақшалар  мен  мектептерде  жиі 
қолданылады.   
 
ЖАПАР Құттыбайұлы (1828. Павлодар обл. Баянауыл ауд. - 1907, сонда) - ақын. Жастайынан 
айтыстарға қатысып, есімі көпке мәлім болған. Ж-дың Қожабек, Ажар. Төребай ақындармен 
айтыстары белгілі. Ақынның "Күлше мен Назымбек" дастаны, "Ысмайыл мен Зағипа айтысы" 
халық арасына кең тараған. Шәймерден Торайғыров жинап тапсырған Ж. шығармалары мен ол 
жырлап берген ауыз әдебиеті үлгілері Орт. ғыл. кітапхана қорында сақтаулы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   549   550   551   552   553   554   555   556   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет