ЖАРЫЛҒАПОВ Ісләм (4.8.1918. Қарағанды обл. Жаңаарқа ауд. Бірлік а. - 1993. Алматы) -
жазушы, аудармашы. ҚазҰ ПУ-ды бітірген (1942). 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1944 - 45 ж.
Мәскеудегі Жоғары дипломатия мектебінде оқыған. 1942 - 46 ж. ҚазҰПУ-да оқытушы. Алматы
обл. комсомол к-тінің хатшысы. БЛКЖО ОК-нің (Мәскеуде) нұсқаушысы, Алматы қ-лық
комсомол к-тінің бірінші хатшысы. 1946 - 52 ж. Қазақстан Компартиясы ОК-нде меңгеруші, бөлім
меңгерушісінің орынбасары, 1957 - 58 ж. "Қазақ әдебиеті" газетінде бас редактордың орынбасары,
1965 -68 ж. Қазақстан Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі к-тінде бас редактор,
1971 - 74 ж. Қазақстан Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бөлімінің директоры
қызметтерін атқарған. 1975 жылдан шығарм. жұмыста болған. Орыс қаламгерлері А.С. Пушкин,
А.Н. Герцен, И.С. Тургенев, Л.Н. Толстой, М.М. Пришвин, Л.С. Соболев, Л.М. Леонов, Ю.П.
Герман, тәжік жазушысы Ф.Ниязи, грузин ақыны Г.Н. Леонидзе, армян ақыны А.С. Исаакян, Әзиз
Несин, неміс қайраткері К.Цеткин, неміс жазушысы В.Бредель, И.Р.Бекер, т.б. шығармаларын
қазақ тіліне аударған. Ж. ұлттық терминология жасау ісіне араласып, қазақ тіпі қорын "оқырман",
"көрермен", "саяжай", "балмұздақ", "уыздық", "жағажай", "аялдама", "перзентхана", "еңбеккер",
"телефондау", "теледидар", "ғарыш", т.б. 500-ден астам жаңа терминдермен байытты. "Үздік
мұғалім", "Үздік мәдениет қызметкері", "Үздік баспасөз қызметкері" атақтарының иегері.
Достарыңызбен бөлісу: |