Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет556/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   677
ЖАРАПАЗАН  -  қазақ  даласында  ислам  діні  берік  орын  тепкеннен  кейін  пайда  болған 
тұрмыс-салт жырларының бірі.  Ол ел арасында  ораза ұсталатын рамазан айында  айтылады. 
Кешкілік  ауыз  ашар  кезінде  ауылдың  өлең  айтуға  бейімі  бар  жастары  жиылып,  әр  үйдің 
тұсына  келіп  Ж.  айтады.  Ж.  мәтіні  әбден  қалыптасқан  жаттанды  шумақтардан  құрылады. 
Мазмұн жағынан оны  шартты түрде үш бөлікке  бөлуге  болады. Ең  алдымен. Ж-шы  үйді,  үй 
иесін  мадақтаудан  бастайды.  Одан  ислам  дінінің  шарттарын  уағыздап,  имандылыққа 
шақырып,  өсиет  айтады.  Соңы  бата  берумен  аяқталады.  Әрине,  айтушы  өзінің 
қабілет-қарымына орай, жаттанды мәтіннің қаңқасын бұзбай өз ойынан да шумақтар қосып айта 
береді. Ж-ның негізгі мақсаты - ораза айында ел көңілін көтере жүріп, ислам дінін насихаттау, 
жұртты  шариғатқа,  иманға  ұйыту,  береке-бірлікке,  ізгілікке  шақырудан  туған.  Оған  әсіресе 
жастар  мен  балалар  белсенді  ат  салыса  жүріп,  өздері  де  үлгі-өнеге  алған.  Кеңестік  дәуірдегі 
шектеулердің  салдарьшан  ұмытыла  басгаған  Ж.  ислам  діншің  жандануына  байланысты  кайтадан 
салтқа еніп келеді.   
 
ЖАРАС Сәрсек (15.5.1968 ж.т., Алматы обл. Ұйғыр ауд. Сүмбе а.) - ақын. ҚазҰУ-ды бітірген 
(1995). Респ. "Өркен", "Жас қазақ" жастар газеттерінде тілші, бөлім меңгерушісі қызметтерін 
атқарған. 1996-2000 ж.  "Парасат"        журналында,  2000-  2001  ж.  "Жетісу"  газетінде,  2001
 
ж.    "Қазақстан"      журналында  қызмет  істеген.  2002  жылдан  Қазақстан  Жазушылар 
одағында  әдеби  кеңесші,  Жазушылар  одағының  жанынан      шығатын      "Әдебиет  айдыны"     
газеті      бас      редакторының  орынбасары        қызметін        атқарады.  Ақын  өлеңдері 
"Толқыннан толқын туады" (1993), "Жас ақындар антологиясы"      (1999).      "Бәйге"      (2001) 
ұжымдық жинақтарына енген. 
 
ЖАРҒЫ - дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі "иар" 
("жар") сөзінен шыққан. Мағынасы - әмір, әмір беру, билік айту. Ал "Кодекс Куманикусте" 
бұл сөз - jar түрінде жазылған, мәні - шешім, берілген әмір. Қазақ хандығын билеген Тәуке хан 
заманында  билер  Төле  би,  Қазыбек  би,  Әйтеке  би,  т.б.  қатысуымен  құқықтық 
қарым-қатынастарды реттейтін заңдар  жинағы - "Жеті жарғы" құрастырылған. Ж.. негізінен, 
хан  тарапынан  бекітілген  шешім  болғандықтан,  ол  бүкілхандық  аумағында  орындалуға  тиіс 
болды. "Ж" термині қазіргі кезде "устав" сөзінің баламасы ретінде қолданылып жүр. 
 
ЖАР-ЖАР  -  қазақ  халқының  тұрмыс-салт  жырларының  ежелден  келе  жатқан  жанрлық 
түрінің  бірі.  Ол  қыздың  ұзатылатын  тойы  аяқталып,  аттанар  алдында  орындалады.  Күйеу 
бастаған жігіттер жағы атқа мініп келіп, отау үйдің сыртынан жабықты ашып өлең бастайды. 
Сәукелесін киіп отаудағы шымылдық ішінде отырған қалыңдықты қоршаған жа-қын жеңгелері 
мен  бойжеткеннің  құрбылары  қыздың  атынан  жауап  өлең  айтады.  Осылай  айтыс  түрінде 
орындалатын жауаптасу өлеңінде  қыздар жағы оң жақга еркелеген  қыз ғұмырдың өтіп бара 
жатқанына, өмірдің өткіншілігін жырлап, өкініш білдіреді. Жат жұртқа барғанда ата-анасы мен 
туған туысқандарының, құрбы-құрдастарының орыны толмайтындығын өлеңге қосып, әлі де 
болса ойнап-күліп жүре тұруға мүрша бермей аттандырып жатқан ата-анасына наразылығын 
білдіреді. Өз кезегінде жігіттер жағы ерге шығып, бала сүйіп, түтін түтетудің атадан қалған 
жол  екен-дігін  айтып,  ол  жаққа  барғанда  қайын  жұртының  туған-туыстарын 
жокгатпайтындығын  айтады.  Көбіне  өлең  мәтіні  бір-біріне  ұқсас  болып  келеді.  "Жар-жар" 
сөзі  дағдылы  қайталанып  келіп  отыратындықтан  да  өлең  осылай  айтылады.  Өлең  мәтіні  11 
буынды қара өлең үлгісімен немесе 7 - 8  буынды жыр ағымымен айтылады. Өлеңнің алғашқы 
екі  жолы,  көбінесе,  ұйқас  үшін  алынған,  тұспалды  білдіретін  мазмұнда  болады,  негізгі  ой 
үшінші,  төртінші  жолда  айтылады.  Әдетте,  Ж.-ж-да  дәстүрлі  қоғамның  адамгершілік 


ұстанымы  жырланады,  оның  мәтінінде  қалыптасқан  дүниетанымды  бұзатындай  жаңа 
шумақтар  сирек  кездеседі.  Кезектесіп  көп  дауыспен  айтылатын  Ж.-ж.  табиғатында 
ойын-сауықтық  сипаттар  басым  болады  да,  оның  орындалу  мәнері  дала  сахнасындағы 
театрландырылған көріністі елестетеді. Ж.-Ж. өзінің мәні жағынан өнегесі мол, өміршең жанр 
болып есептеледі. Казіргі заманғы үйлену тойындағы Ж.-ж. жаңа мазмұнға ие болған, оған 
ақын-жазушылар  жаңа  сөз  жазып,  жаңа  әнмен  жас  жұбайлар  тойында  міндетті  түрде 
орындалатын өнер туындысына айналған. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   552   553   554   555   556   557   558   559   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет