Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет558/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   677
ЖАРМАҒАМБЕТОВ  Қайнекей  (25.8.1918.  Қостанай  обл.  Жангелдин  ауд.  Шиелі  а  - 
10.9.1974,  сонда)  -  ақын,  әдебиет  зерттеуші.  ҚазҰПУ-ды  (1941),  аспирантурасын  (1949) 
бітірген.  1941  -  48ж.  Қазақстан  Компартиясы  ОК-нде  нұсқаушы,  Қазақстан  ЛКЖО  ОК-нде 
хатшы, 1948 - 58 ж. ҚазҰПУ-да аға оқытушы, доцент, директордың орынбасары, 1958 - 64 ж. 
"Әдебиет  және  искусство"  (қазіргі  "Жұлдыз"),  "Ара"  -  "Шмель"  журналының  редакторы, 
Қазақстан  Жазушылар  одағында  жауапты  хатшы,  әдеби  кеңесші  қызметтерін  атқарған.  1964 
жылдан шығарм. жұмыста болған. Алғашқы жинағы "Заман біздікі" деген атпен 1950 ж. жарық 
көрген.  "Адам  туралы  аңыз"  (1951),  "Мұғалима  туралы  баллада"  (1957),  "Балладалар"  (1962), 
"Соңғы  күн"  (1967),  "Дәурен",  "Сырлы  тал"  (1971),  "Шыңдағы  шамшырақ"  (1976)  атты 
жинақтары,  "Әнші  азамат"  повесі  (1951),  «Азамат  жолы»  (1983)  кітаптары  бар.  Жазушылар 
өмірінен  көптеген  монографиялық  еңбектер  жазған.  И.Шиллер,  А.Мицкевич,  М.Лермонтов, 
А.Барто, т.б. өлеңдерін, Б.Ершовтың "Тұлпартай, сұңқартай" ертегісін, И.С. Тургеневтің "Әкелер 
мен балалар" романын қазақ тіліне аударған. Ж."Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі" (1949. 
1958.  1960),  орта  мектепке  арналған  "Қазақ  совет  әдебиеті"  оқулығы  (1948  -  51)  авторларының 
бірі. Бірнеше рет "Құрмет белгісі" (1945) орденімен және медальдармен марапатталған. 
 
ЖАРМАҒАМБЕТОВ Тобық (1934. Ақтөбе обл. Байғанин ауд. Жарқамыс а. - 1973. Ақтөбе қ.) - 
жазушы. ҚазҰУ-ды бітірген (1957). Алғашқы "Ескі жұрт" әңгімесі "Жұлдыз" журналында жарық 
көрген. Жарқамыс орта мектебінде мұғалім. Ақтөбе обл. телерадио к-тінде аға редактор (1960), 


бас  редактор.  Ақтөбе  обл.  "Коммунизм  жолы"  газеті  редакциясында  қызметкер.  Ақгөбе  обл. 
мәдени  ескерткіштерді  қорғау  қоғамында  қызмет  атқарған.  "Нәзік  бұлттар"  (1966),  "Отамалы", 
"Эмигранттың өлімі", "Екі жүрек" (1968), "Соңғы хат", "Кішкентай махаббат", "Қызылай"(1970), 
әңгімелері,  "Сентябрь  түні"  (1973),  "Өлімді  жеңген  өмір",  "Бәйтеректің  жас  шағы"  повестері, 
"Соңғы хат" повестер мен әңгімелер жинағы (1974), "Ақ жауын" Таңдамалы шығармаларының бір 
томдығы (1984) жарық көрген. 
ЖАРМҰХАМЕДҰЛЫ  Мұхамедрахым  (1928  ж.т..  Жезқазған  обл.  Сарысу  а.)  -  ғалым.  филол. 
ғыл. докт. Қызылорда пед. ун-тін (қазіргі Қызылорда гуманитарлық ун-ті) бітірген (1951). 1951 - 
58 ж. Оңт. Қазақстан обл. Бостандық а-нда мектепте мұғалім, кешкі мектептің директоры болып 
қызмет істеген. 1961 жылдан Әдебиет және өнер ин-тында кіші ғыл. қызметкер, аға. жетекші ғыл. 
қызметкер. Ж. 150-ге тарта ғыл. мақалалардың авторы, "Айтыстың даму жолдары" (1976), "Айтыс 
өнері" (1979), "Сарбаз поэзия" (1981), "Айтыс" (бүгінгі айтыс туралы. 1990), "Көненің көзі" (1966), 
"Шешендік  өнер"  (1998)  атты  монограф.  еңбектері.  орта  мектеп  пен  жоғары  оқу  орындарына 
арналған оқу қүралдары жарық көрген. "Еңбектегі ерлігі үшін", үш рет Түркия мәдениет мин-нің 
Қүрмет грамотасымен марапатталған.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   554   555   556   557   558   559   560   561   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет