ЖАРОКОВТайыр (26.9.1908. Орал обл. Жәнібек ауд. Жетібай а. - 11.3.1965. Алматы) - ақын.
Орынборда қазақтың халық ағарту ин-тан (1927). ҚазҰПУ-ды (1932), Ленинградтың тарих.
философ. және әдебиет ин-тының аспирантурасын (1935) бітірген. 1932 - 33 ж. Қазақстан
Жазушылар одағында хатшы, 1933 - 34 ж. Қазақмемл. көркем әдебиет баспасында редактор, 1936 -
38 ж. "Қазақ әдебиеті" газеті редакторының орынбасары. 1938 - 42 ж. халық ақыны Ж.Жабаевтың
әдеби хатшысы қызметтерін атқарған. 2-дүниежүз. соғысқа қатысқан. 1946-65 ж. Қазақстан
Жазушылар одағы мен Қазақмемл. көркем әдебиет баспасында (қазіргі "Жазушы" баспасы) жауапты
қызметтер атқарған. Алғашқы өлеңдері 1927 - 28 ж. "Аэроплан", "Күлімдейді күміс күн де"
жинақтарына енген. 1932 ж. "Жұлдыз жарығы" алғашқы өлеңдер жинағы басылып шыққан.
"Нефтстан", "Коммунизм таңында" (1933), "Мотор жыры", "Күн тіл қатты" (1934), "Мұз
тұтқыны" (1935), "Нарын" (1935), "Тасқын" (1937, 1949), "Отан дауысы" (1938), "Тастағы жазу"
(1940), "Совет сұңқарлары" (1942), "Бақыт жырлары", "Жапанды орман жаңғыртты" (1949),
"Костер басында" (1952), "Қырда туған құрыш" (1954. 1955. 1956). "Жыр қанаты" (1956), "Құмдағы
дауыл" (1958), "Тау жырлайды" (1962), "Теңіз баласы" (1963), "Тасқынға тосқын" (1965),
Таңдамалы шығармаларының 1958 - 59 ж. екі томдығы. 1972 - 75 ж. төрт томдығы және 1951 - 78
ж. бір томдығы. т.б. кітаптары жарық көрген. Ж. орыс ақындары А.С. Пушкиннің "Цыгандар",
"Кавказ тұтқыны", "Коломнадағы кішкене үй", "Ағайынды қарақшылар", 'Траф Нулин", "Қысқы
кеш", "Қысқы ертеңгілік", М.О. Лермонтовтың "Черкестер", "Қылмысты", А.Трибоедовтың
"Ақылдың азабы", М.Алигердің "Зоя", Н.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, А.Сурковтың, грузин
ақыны Ш.Руставелидің, украин ақыны Т.Шевченконың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Екі
рет Еңбек Қызыл ту орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен марапатталған.