"ЖАС ТҮРКІСТАН" - журнал. Алғашқы саны 1929 ж. желтоқсанда Парижде жарық көрді.
Ұйымдастырушысы - Мұстафа Шоқай. Түркістанның ұлттық тәуелсіздік идеясын
насихаттады. Журналды Польша президенті Маршал Пилсудский тарапынан құрылған
"Прометей" қоры қаржыландырған. 1939 жылдың тамызына дейін журналдың 117 саны жарық
көрген. Мұстафа Шоқай Женент, Аткежір деген лақап атпен әр түрлі тақырыпқа мақалалар
жазып отырған. 1939 ж. 2-дүниежүз. соғыстың басталуына байланысты журналды шығару
тоқтап қалған. Алматыда құрылған (1996) Мұстафа Шоқай қоры 1998 жылдан бастап
журналды "Жас Түркістан" атымен қайта шығара бастады. Журнал 2 айда бір рет шығады.