ЖОЛЖАЗБА- сапар мен саяхат нәтажесінде көзбен көрген нақгы оқиғаларды суреттеуге
арналған әдеби жанр. Күнделік, очерк, мемуар, т.б. түрінде жазылады. Ж-да танымдық
мәліметтермен қатар саяси, филос., эстетик.. публицистик. мәселелер баяндалады. Александр
Македонскийдің (б.з.б. 4 ғ.) жорықтары жөніндегі Ж-лар бар. Орта ғасырларда Дж. Карпини
("Моңғолдар тарихы". 13 ғ.), Марко Поло ("Кітап", 1928), т.б. Орт. Азияға жасаған сапарлары
туралы Ж. еңбектер жазды. 18 - 19 ғ-ларда Ж. очерк жанрының бір түрі ретінде қалыптасты.
Ағылшын жазушысы Л.Стерн ("Сентиментальды саяхат", 1768). орыс жазушысы А.Н. Радищев
("Мәскеуден Петербургке саяхат", 1790), неміс ақыны И.В. Гете ("Италия саяхаты". 1 - 3 т„ 1816
- 29), орыс ақыны А.С. Пушкин ("Арзрумға саяхат", 1835), орыс тарихшысы Н.М. Карамзин ("Орыс
саяхатшысының хаттары". 1 - 2 т„ 1900) Ж-ның тамаша үлгілерін жасады. Қазақ әдебиетінде Ж.
очерктерінің негізін Ш.Уәлиханов салды. ("Жол жазбалары", 1855; "Алтыашардың жай-күйі",
1859; "Жоңғар очерктері", 1860), М.Әуезов ("Түркістан солай туған" 1956; "Индия очерктері",
1958), С.Мұқанов ("Саяхаттар", 1954; "Адам Атаның шоқысында", 1958), Ә.Әлімжанов ("Сумен,
құрлықпен елу мың миль", 1962), т.б. қаламгерлер болған елдер мен аймақтардағы қоғамдық,
экон.-саяси өмірді ұштастыра баяндады. Шет елдерге түрлі ғыл. сапарлармен (1970 - 80) барған
А..Машанов, Ә.Дербісәлиев, Е.Букетов, т.б. ғалымдардың Ж. кітаптары жарық көрді. Жазушы
Қ.Қайсеновтің Украина туралы, Қ.Тұрсынқұловтың Саха елі жайлы Ж-лары оқырмандар
тарапынан үлкен қызығушылық тудырды. Ғ.Мүсірепов, С.Шаймерденов, Т.Әлімқұлов, С.Бердіқұлов, Ә.Нұршайықов, Т.Кәкішев, Ш.Мұртаза, т.б. қаламгерлер ел аралаған сапарынан
жазған әр түрлі Ж. очерктерімен танылды. М.Әуезовтің "Қытайдағы қазақтар" (1995) туралы.
М.Құлкеновтің "Америка сапары" (1996). К..Олжайдың "Президент пырағы" (1995),
Қ.Түменбаевтың "Жапон эскиздері" (2000). т.б. Ж-лар әлем халықтарының бүгінгі келбетін өткен
тарихпен сабақтастырып, көркем де әсерлі етіп жеткізе білді.