Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет601/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   677
ЖУАНЫШБЕКОВ  Нұрболат  Орынбекұлы  (1.1.1944  ж.т.,  Алматы  обл.  Райымбек  ауд. 
Нарынқол а.) -ғалым, филол. ғыл. док. (1996), проф. (1997). ҚазҰУ-ды бітірген (1967). 1967 - 
80  ж.  Алматы  есеп-кредит  техникумында,  1980  -  92  ж.  Қыздар  пед.  ин-тында,  1992  -  94  ж. 
ЦИУУ-да кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1994 жылдан ҚазҰУ-да оқытушы, 1997 
жылдан кафедра меңгерушісі, 200-ге тарта жарияланымның, соның ішінде 5 монографияның 
авторы.  
 
ЖУРНАЛ (франц. journal) - мерзімді басылым, бұқаралық ақпарат  құралдарының бір түрі. 
Ж-ды  мекемелер,  қоғамдық  және  шығарм.  ұйымдар,  ғыл.  қоғамдар,  академиялар,  ун-ттер, 
сондай-ақ, жеке меншік иелері шығара алады. Ол газетпен салыстырғанда оқиғаларды кең 
көлемде баяндап, деректерге тереңірек талдау жасайды, өзінің  ұстанған көркемдік бағытына 
орай  қоғамдық  пікірді  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Мазмұны  жағынан  қоғамдық-саяси  Ж.. 
әдеби-көркем  Ж.,  спорттық  Ж..  сатиралық  Ж..  өндірістік-тех.  Ж..  ғыл.-көпшілік  Ж., 
ғыл.-ақпараттық  Ж..  библиогр.  Ж.  болып,  оқырмандарына  қарай  бұқаралық  және 
оқырмандардың  белгілі бір категорияларына (балаларға,  жасөспірімдерге)  арналған болып 
бөлінеді. Дүние жүзіндегі тұңғыш Ж. Францияда 1665 ж. 5 қаңтарда "Журнал де Саван" деген 
атпен жарық көрді. Казақ тіліндегі алғашқы Ж. - "Айқап". 1911 - 15 ж. аралығында оның 88 
саны  жарық  көрген.  Редакторы  -  М.Сералин.  "Айқаппен"  бірге  "Ақмола"  Ж-ы  да  шығып 
тұрды. (1911 - 16). Кейін "Садақ" (1917, татарша-қазақша), "Айна" (1918), "Мұғалім" (1919), 
"Қызыл  Қазақстан"  (1921-29,  қазіргі  "Ақиқат"),  "Шолпан"  (1921-24),  "Темірқазық"  (1923), 
"Жас  қазақ"    (1923  -  24),    "Жас  қайрат"  (1923  -  24),  "Сәуле"  (1923  -  24),  "Сана"  (1923  -24), 
"Жетісу әйелі" (1924), "Таң" (1925), "Әйел теңдігі" (1925 - 34, қазіргі "Қазақстан әйелдері"), "Жаңа 
мектеп" (1925 - 33, қазіргі "Қазақстан мектебі"), "Пионер" (1925 - 56), "Кедей айнасы" (1926- 29), 
"Терме" (1926), "Жыл құсы"(1927), "Жаңа әдебиет" (1928- 32, қазіргі "Жұлдыз"), "Жаршы" (1929 - 
30), "Балға" (1932), "Екпінді тілші" (1932 - 33) сияқты Ж-дар жарық көрген. 1956 ж, "Ара", 1958 ж. 
"Мәдениет  және  тұрмыс"  (қазіргі  "Парасат"),  "Балдырған"  (1960),  "Білім  және  еңбек"  (1978, 
қазіргі  "Зерде"),  "Пионер"  (1987),  "Арай"  (1994),  "Ұлағат"  (1996),  "3аң"  (1997),  "Алдаспан" 
(1998),  "Амазонка"  (2000),  "Қазақстан"  (жылы)  т.б.  Ж-дар  шыға  бастады.  Қазақстан 
Республикасында  демократиялық  құндылықтардың  берік  орнығуына  байланысты  мемл.  және 
жеке меншік 591 Ж. шығарылады (2005).   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   597   598   599   600   601   602   603   604   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет