ЖОЛДЫБАЕВМолдағали (1887, бұрынғы Орал обл. Ілбішін уезі, Қурайлы болысы. 2-а. - 1938.
Тайпақ) - қоғам қайраткері, педагог, журналист. Орынбор орыс-қазақ мұғалімдер мектебін
бітірген (1910). 1910 - 18 ж. Жұбанышкөл. Бұлдырты 4 сыныптық бірінші басқыш мектептерінде
және Қарасу 6 сыныптық орыс-қазақ мектебінде мұғалім болған. 1921 ж. РК(б)П Жымпиты
уездік к-тінің төрағасының орынбасары. 1922 ж. Орынбордағы Қазақ АКСР Халық ағарту
комиссариатының Ғылым, баспасөз және әдебиет ісін басқаратын академиялық орт-ғының
(Қазақстанның білім ордасы) төрағасы қызметтерін атқарған. 1927 ж. жаңадан шыға бастаған пед.
басылым - "Жаңа мектеп" ("Казақстан мектебі") журналының алғашқы редакторы болып
тағайындалып, Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы әдістемелік кеңестің төрағасы,
1933 - 37 ж. БК(б)П ОК жанындағы Маркцизм-ленинизм ин-тының Қазақ бөлімшесінің қызметкері
болған. ҚазПИ-де (қазіргі ҚазҰПУ). Ал-маты журналистер мектебінде дәріс оқыған. 1913 - 14 ж.
"Айқап" журналында "Қазақтардың қазіргі халі", "Болашақ", "Ауылда", "Құрметті Әлжановқа
жауап" мақалалары, 1915 ж. "Қазақ" газетінде "М. Жаңа байбақты" деген бүркеншік есіммен
"Бала тәрбиесі", "Ғалымның надандықтан жеңілуі" мақалалары жарық көрген. Осы жылдары
Т.Шонановпен бірге "Рабочая книга для чтения (1-й год обучения)" оқу құралын (1929.
Қызылорда). М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаевпен бірігіп "19 ғасыр мен 20 ғ. басындағы қазақ әдебиеті"
оқулығын (А„ 1933) және Ә.Қоңыратбаев, М.Қаратаевпен бірігіп 4-сыныпқа арналған "Әдебиет
хрестоматиясының" екінші бөлімін (Қ-о., 1934) жазған. "Ү", "Сасқан" бүркеншік есімдерімен,
"Сын", "Әдебиетдүниесінде", "Исатай Тайманұлы", т.б. мақалалар, "Жол жөнекей", "Айрылу",
"Тірілу", "Бес қашқын" атгы әңгіме-новеллалар жазған. 1937 ж. желтоқсанда бұрын Алаш
қозғалысына қатысқаны үшін "халық жауы" деген жалған айыппен тұтқынға алынып. 1938 ж.
ақпанда ату жазасына кесілген.