Н. Ш. Чернышевский мұраларын оқып таныс болған, Батыс Еуропа әдебиетінен Гете, Дж. Байрон



Pdf көрінісі
бет599/677
Дата07.01.2022
өлшемі3,44 Mb.
#18344
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   677
ЖОМАРТБАЕВ Тайыр, шын есімі Тайлақбай (1884. Шығ. Қазақстан обл. Абай ауд. Мұқыр а. 
- 1937. Семей қ.) - педагог, жазушы, драматург. Көкбай медресесінде, 1911 ж. Уфадағы "Ғалия" 
медресесінде  білім  алған.  1911  -  15  ж.  Семей  қ.  маңындағы  Жақия  қажы  мектебінде  ер 
балаларға,  әйелі  Адығия  Орманова  қыз  балаларға  сабақ  берген.  "Балаларға  жеміс",  "Қыз 
көрелік" (1912) романы Семейдегі "Жәр дем" баспасынан басылып шыққан. 1915 - 28 ж. Зайсан 
қ-нда, Маңырақ болысында мұғалім, 1928 - 30 ж. Семейдегі №14 мектептің директоры, 1930 - 
37 ж. Семей пед. техникумында оқытушы болған. Ж. оқытушылықпен қоса журналистикамен 
де айналысқан. "Айқап", "Жаңа мектеп" журналдары мен "Қазақ", "Алаш" газеттеріне мақала, 
фельетондар жазып тұрған. Ж-тың "Сары сүйек құда", "Осы ма, қазақ өмірің?" атты пьесалары 
Зайсан, Семей театрларында  қойылған.  Кузнецк  қ-нда № 23  мектепте  жұмыс  істеп  жүрген 
кезінде  жалған  саяси  жаламен  тұтқындалып  (1937),    Семейде  үштіктің  шешімімен  ату 
жазасына кесілген. 1956 ж. ақталған.   
 
ЖОРАБАЕВ  Қайсар  (1.1.1947  ж.т.,  Оңт.  Қазақстан  обл.  Қазығұрт  ауд.  Жаңабазар  а.)  - 
аудармашы. ҚазҰУ-ды бітірген (1969). 1971- 73 ж. Шымкент политех. техникумында, 1974 - 
1991 ж. Қазақстан Жазушылар одағында, 1991 - 95 ж. халықар. "Қазақ елі" газетінде, дүние 
жүзі  қазақтары  қауымдастығында,  1997  -  2000  ж.  "Дәнекер"  халықар.  Құқық  және  бизнес 
ин-нда  жауапты  қызметтер  атқарған.  2000  жылдан  Қазақтың  мәдениет  және  өнертану 
ғыл.-зерт.  ин-нда  қызметкер.  Орыс  жазушылары  И.Буниннің,  Д.Граниннің  әңгімелерін, 
В.Поволяевтің  "Естеліктен  ескен  леп"  жинағын,  "Теңіз  беті  боз  тұман"  жинағындағы 
әңгіме-повестерін,  В.Протодьяковтың,  С.Даниловтың  (Саха  Респ.),  Ата  Каушутовтың 
(Түрікменстан)  әңгімелерін,  Прибалтика,  қырғыз.  татар,  башқұрт  жазушыларының 


шығармаларын қазақ тіліне, Ә.Ыдырысовтың "Таңшолпан" романын В.Буренковпен бірге 2001 
ж. орыс тіліне аударған. Он бестен астам кинофильмдер және бес пьеса тәржімалаған. 
 
ЖОРЫҚБАЙ  Табынбайұлы  (1864,  бұрынғы  Сырдария  обл.  Перовск  уезі,  Қабылкөл  а.  - 
1932, сон-да) - ақын, жырау. "Нақыл сөздер", "Ошақты Садақбайға", "Әліпбай милицияға", 
"Қожамұраттың  Жақыбына",  "Сапар  құдаға",  "Мыңбайдың  бағасы",  "Жорықбай  деген 
шайырың", "Қармақшыда" "Ақназар ұстаға", т.б. өлеңдері сақталған Әсіресе Қарабалық болысы 
Алдияров Қараға шығарған өлеңі ақынды көпшілікке танымал еткен.   
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   595   596   597   598   599   600   601   602   ...   677




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет